ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЛІГІ – АСТАНАНЫ АРҚАҒА КӨШІРУІ

ЕЛБАСЫНЫҢ ЕРЛІГІ – АСТАНАНЫ АРҚАҒА КӨШІРУІ

Елбасымыздың айдай әлемге жасаған, және де бір өзінің ғана емес, барша қазақ жұртын талпындырған тағы бір қадамы – бүгінгі Астананың салынуы дер едім. Дүние қайран бір бөліске түсіп, бодандықтың бұғауынан басымызды енді шығарып ала бастаған тұста, ес жиналып, етек жабылмай жатқан шақта астананы ауыстырмақ түгілі, мінген атыңнан ауып түсіп қалмауды ғана ойлар қилы да қиын кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыдағы астананы Арқадағы Ақмолаға көшіру жөніндегі ойына бүкіл ел шошына қарады. Сенбеді, сенгілері келмеді. Ал, енді Сарыарқа төсіндегі тәуелсіз қазақ елінің бүгінгі астанасы – Астана қаласына қарайық та, көз салайық. Айтар сөзің жоқ! Таңдай қағып сүйсінесің. Жаңа Елордасын салған, салып та жатқан екінші бір ерлігін мойындап, соған бас иер едіңіз! Жиырма бірінші ғасырдағы қазақ елін және ата-бабаларымыз үшін ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізді бүгінгі Астанасыз көз алдыңызға елестетіп бір байқаңызшы! Аузыңыздың дәмі кірмес еді! Бұл Астана тәуелсіздігінің лүп-лүп соғып тұрған жүрегі емес пе?! Ендеше сол жүректі Елбасы есімімен атау өте орынды деп білемін!

Бақтияр ҚАБАСОВ,

«Талғар» газетінің бас редакторы.