Тарихтың тереңіне көз жіберсек кез-келген мемлекеттің негізін қалған тұлғалары бар. Ол мемлекеттің аяғынан тік тұруына бар зейінін арнаған әрі елінің ертеңі үшін жар құлағы жастыққа тимей еңбек еткен көшбасшылар. Дәуір алмасып, замандар аунаса да ол тұлғалардың тарихи келбеті дараланып, биіктемесе, аласарған емес. Кешегі Қазақ хандығы үшін Жәнібек пен Керей, одан бергі қазақ халқының басына қара бұлт үйірілген «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезеңіндегі Абылайханның өз заманы үшін тарихи рөлі қандай болса, Тәуелсіз Қазақстан дәуіріндегі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алар орны тура сондай. Елбасының еңбегі бүгінгі буын үшін де, келесі ұрпақ үшін де өз маңызын жоймақ емес. АҚШ-тың негізін қалап, алғашқы президенті болған Джордж Вашингтонның тарихи салмағы кейінгі 45 президенттен де жоғары тұр. Тіптен астанасы да осы тұлғаның есімімен аталады. Көршілес Қытайды жапон езгісінен құтылдырып, 1949 жылы жаңа ҚХР-ның негізін қалаған Мао Цзедунның да көптеген саяси қателіктеріне қарамастан әрбір қытай оны өздерінің көсемі ретінде біледі. Құрметтейді, ардақтайды, биік тұлға ретінде таниды. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалап, бүгінгі күнге жеткізген Елбасымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Асқар Сүлейменов,
облыстық мәслихат депутаты.