Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәуелсіздік ұғымы бір-бірімен біте қайнасып кеткен егіз ұғым болып кетті. Сонау КСРО-ның құрамынан шығып өз алдымызға тәуелсіз ел болғанымыздан бастап Елбасының салихалы саясатының арқасында бүгінгідей бейбітшілік пен татулық, жарасымдылық пен біреке-бірлік тоғысқан егеменді елде өмір сүріп келе жатырмыз. Бұл да болса Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегінің жемісі. Бұрынғы отарлаушы елдің құрсауынан құтылып, Тәуелсіз ел болғаннан соң саналы да азат ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндігіміз туды. Осы бір құбылыстың арқасында білім берудің қазақстандық үлгісі пайда болды. Мемлекет жастардың жан-жақты білім алуына барынша жағдай жасап, ел үшін еңбек етуіне көмегін аяған жоқ. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында ғана емес, шетелдің атағынан ат үркетін атақты университеттерінен де тегін білім алуына да мүмкіндік берілді. Сондай білімді жастар экономика мен өнеркәсіптің, ғылым мен қоғамның дамуына өз үлестерін қосты. Солардың көбі Елбасының бастамасымен «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келгендер. Бүгінде Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен педагогтардың мәртебесін көтеру үшін де көптеген жұмыстар жүргізілуде. Бұл айтып отырғандарым Елбасымыздың істеп кеткен жұмыстарының тамшыдай ғана бөлігі. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев қандай құрметке болса да лайық тұлға деп білемін.
№36 орта мектебінің директоры
Гүлбаршын Карибаева