«Қазақтың көрнекті ағартушыпедагогы Ыбырай Алтынсарин бір еңбегінде: «Халық мектептері үшін ең
керектісі оқытушы, тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бағдарламалары да, әбден мұқият жүргізетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды», – деп баға беріпті.
Сол айтпақшы, бұл жарық дүниеде бала тəрбиесіне бүкіл ғұмырын арнайтын мұғалімнің еңбегіне жететін не бар? Мұғалім қоғамның негізгі тірегі екені баршаға белгілі. «Мұғалім – мектептің тірегі» демекші, қаладағы №2 С.Сейфуллин атындағы қасиетті қара шаңырақта жемісті еңбегімен көрініп жүрген үлгілі ұстаздар аз емес. Соның бірі – жиырма жылдан астам уақыттан бері бастауыш сынып мұғалімі атанып, алдына келетін жүзде-ген шəкірттерді білім баспалдақтарына қарай ұзатып отыратын бірінші санатты мұғалім – Жанат Керімбаева. 1997 жылы Есік қаласындағы педагогикалық колледждің «Бастауыш сынып мұғалімі» бөлімін бітіріп, содан
бері осы мектепте ұстаздық етіп келеді. Биязы мінезді, қарақат көзі адамға мейірім төгіп тұратын Жанат қазір 4-сыныпқа жетекшілік етеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған сəттен бастап оларға əріп үйретіп, санауды үйреткен білікті ұстаз сыныптағы 24-оқушының мінез-құлқын, əрқайсысының қарымқабілетін жақсы біледі. Сыныптағы оқушылардың 4-еуі озат болса, 12 оқушы екпінді. Ұстаздың дарынды оқушылары Алина Дана-бекова, Кенжеғали Айбар, Тұрсынбек Бейбарыс, Асель Абдрахмановалар республикалық «Дара бала» журна-лына өздері шығарған өлеңдерін жіберіп, жариялатып тұрса, республикалық математикадан өтетін Олимпиа-даға жүйелі қатысып, баптарын сынап жүрген Шаяхмет Батыр, Алина Данабекова, Берік Алтынай сынды да-рынды оқушылары үнемі 1-2-3 орындардан көрініп жүр. Ал, оның дарынды оқушысы Кенжеғали Айбар об-лыстық жарыста шахматтан талай мəрте жүлде алса, «кёкушенкай-каратэ» спортынан үнемі бас жүлдені же-ңіп алып, өзінің спортшы бала екенін дəлелдеуде. Ал, «Шамшырақ» олимпиадасына қазақ тілі пəні бойынша
қатысып, 2-орын алған Тоқтар Еркежан мен мектеп ішілік «Қыз сыны» байқауында бас жүлдені жеңіп алған Байжұма Аруай да сыныптың мақтаныштары.
«Өзіңді қарапайым жылы мінезіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды» – деп орыстың ұлы жазушысы Антон Чехов айтпақшы, қашан да шəкіртінің жан дүниесіне үңіліп отыруды дағдыға айнал-дырған Жанат Керімбаева үнемі білімін жетілдіріп отыратын жан. Оның тəрбиелік маңызы зор зерделі мақа-лалары республикалық «Ұстаз – мектептің тірегі» журналына шығып тұрады. Ол талай рет республикада
өтетін көркем сөз, əн-би байқауларына талантты шəкірттер дайындағаны үшін сан мəрте «Алғыс хатпен» марапатталды. Білікті ұстаз Жанат Керімбаеваны біз əлі талай-талай абырой биіктерінен көретін боламыз.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».