Талғар қаласындағы Айвазовский көшесінің 75 «А» үйінде тұрып жатқан бір отбасының — отағасы, ұлы, қызы пештен шыққан ыстан қайтыс болды, деп хабарлайды ТалғарАқпарат тілшісі.
Қайғылы жағдай наурыз айының екісі күні орын алып отыр.
Отбасы екі бөлмелі үйді (времянка) жалдап тұрған. Үйді пеш арқылы қатты отынмен (көмір) жылытқан екен. Аудандық ТЖБ бастығының айтуынша қайғылы оқиға пештің бітеліп, оттың дұрыс тартпай қалғанынан орын алып отыр. Яғни от дұрыс жанбай түнде ыс шыққан. Сөйтіп әкесі, баласы, қызы көміртегі тотығына уланып қайтыс болған.
Ал анасы азаматша Нурманова Б.М. Талғар қалалық орталық ауруханасына «көміртегі тотығынан уланған» деген диагнозбен түскен. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр. Керекті ем-домын алып жатыр.
Отағасы 1973 жылғы Закиров Нұржұма.
Балалардың үлкені 2001 жылғы Нұрахмет Арман. Ол аудандық колледждердің бірінде 3 курста оқыған.
Ал 2005 жылғы қызы Нұрахмет Арай қалалық Т.Рысқұлов атындағы №9 орта мектебінде 7-сыныпта білім алған.
Талғар-ақпарат