КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ КӨПТІҢ НАЗАРЫНДА

КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ КӨПТІҢ НАЗАРЫНДА

Партиямыздың ел өміріндегі орнын Елбасы ұдайы жоғары бағалап, əрбір партия мүшесінің жауапкершілігін
күн тəртібінен түсірген емес. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларында азаматтардың
мəселелерін шешу үшін барлық жағдай жасалған. Партияның аудандық филиалдарының жер-жерлердегі
көшпелі қабылдау ұйымдастыруы да тиісті деңгейде жүргізіліп келеді. Белгіленген кестеге сəйкес халық
қалаулылары мен түрлі деңгейдегі басшылар, мекеме, бөлім басшылары партияға өтініш-тілектерін, арыз
шағымдарымен келген тұрғындарды қабылдап, қолдан келгенінше көмегін көрсетеді. Көтерілген мəселелерді
оңтайлы шешудің жолын сілтеп, жауапты мекемелерге нұсқау беріп отырады.

Сəрсенбінің сəтінде аудандық «Нұр Отан» партиясының бастамасымен Нұра ауылдық округінде «Тұрғындар-дың мəселесін шешеміз!» атты республикалық азаматтарды қабылдау акциясы өтті. Акцияның мақсаты – бүгінгі күнгі қоғамдық-саяси ахуалды ескере отырып, аудан орталығынан шалғай елдімекендердегі халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың мəселесін жергілікті жерде қолмақол шешуге атсалысу болатын. Бұл көшпе-лі қабылдауға бірқатар мекеме мен бөлім басшылары шақырылды.

Атап айтқанда, аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жəден Байсбаев, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы Айман Айтуғанова, аудандық сəулет жəне қалақұрылысы бөлімінің маманы Бағашар Стаков, аудандық электр торабы мекемесінің маманы Фархат
Күмісбеков, білікті заңгер, адвокат Дидар Мергенов пен ауыл əкімі Сейітқұл Донбаев, «Нұр Отан» партиясы-ның кеңесшілері Ғалия Бердібаева мен Сақыпжамал Үскібаевалар нұралықтардың өтініш-тілектеріне құлақ
түрді. Қабылдау өтетіндігі жайлы күні бұрын хабар берілгендіктен жұртшылық көп жиналған екен. Кең залға
қойылған үстелдерге жайғасқан мамандарға бір-бірден келіп сұрақ-сауалдарын қойып, мəселенің мəн-жайын
тарқата айтып жатқан азаматтарға мамандар ерекше ынта-ықыласпен көңіл бөліп, заң аясында кеңес беріп,
барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатты. Біреулері сəулетшіден үйлерінің құжатын рəсімдеуге қатыс-ты сұрақтарын қойып жатса, енді бірі халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы рəсімделетін құжаттарға қатысты мəселе көтерді. Электр торабы мекемесінің маманына тұрғындар электр энергиясының қымбатты-ғын алға тартып, электр стансаларының Алматы жарық компаниясына өткізуге күш салуын өтінді. Ал заңгер-ден несие мəселесі мен өсиетнама рəсімдеуге байланысты кеңестер алса, партия өкілдерінен де көмек сұрап келгендер қатары аз болған жоқ. Ауыл əкімі де өз тарапынан бірқатар мəселелерді қолма-қол шешті. Бұл күнгі қабылдауға келген тұрғындардың дені көп балалы аналар болды. Олар негізінен əлеуметтік мəселерді
көтерді. Барлығы да балаларға төленетін жəрдемақының аздығын алға тартып, баспана мəселесін шешуге
ықпалдасуды сұрады. Барлық аналарды мұқият тыңдаған аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдар-ламалар бөлімінің басшысы Жəден Байсбаев барлығына тұщымды жауап беріп, бұл мəселенің бүгінгі күні Парламентте қаралып жатқанын айтып, алдағы уақытта оңтайлы шешіліп, аналарды жағымды жаңалықтар қуантады деген сенімін білдірді.

Партия өкілдері қабылдауға келген жетпістен аса тұрғынды тыңдап, көтерілген мəселелерге орай кеңес беріп, бірқатарын түртіп алды. Ал көпбалалы аналар мəселесі алдағы күндердің еншісіне қалдырылды.

Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».