Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ел экономикасын нығайтуға, халықтың әлеуетін көтеруге оң ықпалын тигізері сөзсіз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында, стратегиялық бағдарламаларын-да, сондай-ақ түрлі кеңес-жиындарда шағын және орта бизнесті өркендету мәселесіне айрықша мән беріп келеді.
Соңғы жылдары кəсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған кешенді бағдарламалар қабылданып, өз кəсібін ашуға бел буған жандарға қаржылай көмекпен қатар кəсіпкерлік негіздерін оқытуға бағытталған арнайы курстар да ұйымдастырылуда. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға қол жеткізіп, өз кəсібін дөңгелетіп отырған кəсіпкердің бірі Талғар қаласының тұрғыны, көп балалы ана Ақмарал Хожамұратова дер едік. Бүгінде ол «Бейбарыс» жеке кəсіпкерлік нысанының жетекшісі ретінде жолаушылар тасымалдау
қызметін жүзеге асырып, кəсібінің нəсібін көріп отыр.
Ақмарал Хожамұратова үшін кəсіпкерлік саласы таңсық емес. Бұған дейін де саудасаттықпен айналысқан жайы бар. Бірақ уақыт бір орнында тұрмайтындай, нарықтың да сұраныс пен ұсынысынан туындайтын
шарттарына сай алға тартар талаптары да өзгеріп отырады. Сондықтан да, жұмысты тиімді ұйымдастырып, кəсібіңді дөңгелетіп əкету үшін қаржымен қатар білім мен біліктілік, іскерлік пен табандылық қажет. Олай дейтініміз, тұтынушыға ұсынылып отырған қызмет түрі болсын, тауар болсын сапалық сыннан сүрінбей өтіп, биік үрдістен көрінбесе, кəсібіңіз де тұралап, бастаған ісіңіз де еш пайда əкелмесі анық.
Уақытша жұмыссыздар қатарына ілінген Ақмарал Жеткербайқызы аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, тіркеуге тұрады. Осыдан соң нəтижелі жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерлікті дамыту бағдарла-масы бойынша өткен жылдың мамыр айында «Бастау бизнес» жобасы аясында ұйымдастырылған бір айлық
оқыту курсына қатысып, білімін ұштайды. «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасы тарапынан ұйымдасты-рылып отырған аталмыш курстың қатысушыларына берері мол екенін айтады. Ақмарал алған əсерімен
бөлісіп. Өз ісінің майталман маманы, бизнес-тренер Жасұлан Сейітқалиұлының өткізген əр сабағынан мол мағлұмат, үлкен демеу алғанын айтқан кəсіпкер келіншектің алғысы шексіз. Кəсіпкерліктің негіздерін
үйреніп, психологиялық, құқықтық мəселелерге қатысты, отбасылық бизнесті ұтымды əрі үйлесімді жүргізу-дің қыр-сыры туралы да дəріс алған тыңдаушылар «Бастау бизнес» жобасына, бизнес-тренерге дəн риза. Жалпы айтқанда, бизнес-тренер басынан бастап, соңына дейін бизнес жүргізудің «əліппесін» үйретеді, жоба қатысушыларына бизнесжобаларын жүзеге асырғанға дейін кеңес беріп, сүйемелдеп отырады. Сонымен қатар, мұнда келген əрбір адамның өз бойындағы мүмкіндіктерін түсінуіне, бойындағы сенімсіздік пен қор-қыныш сезімін жеңе білуге көмектеседі. Осылайша, арнайы курс барысында нақты ақпарат пен қолдауға қол
жеткізе отырып, адамдар өздеріне жəне мүмкіндіктеріне сенуге үйренеді. Мұның өзі кəсіптің кілтін мықтап ұстауға жол ашары анық. Айта кету керек, аталған жоба бойынша бағдарламаға қатысушыларға стипендия төлеу қамтамасыз етілген.
Осылайша, «Бизнес бастау» жобасы бойынша бір айлық курсты тəмамдаған Ақмарал Хожамұратова жолау-шылар тасымалы қызметіне байланысты өз бизнес-жобасын жасап, оны ойдағыдай қорғап шығады. Алты пайыздық үстемақы мөлшерінде 5 жыл мерзімге 4 млн. теңге несиеге қол жеткізген кəсіпкер келіншек 7 орындық Лада (ВАЗ) Ларгус маркалы автокөлігін сатып алып, Талғар-АлматыЕсік қалалары арасында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруда. Жайлы автокөлік, тəжірибелі жүргізуші жолаушылар үшін аса маңызды. Діттеген жеріне қолайлы жағдайда əрі уақытында жетіп отыратын жандардың Ақмарал Жеткербайқызына алғыстан басқа айтары жоқ. Жолдасы Айдын Байсеркеев техника жөндеудің маманы.
Сондықтан да автокөліктің ақауын дер кезінде жөндеп отыратын ол, жолаушыларды тасымалдау жұмысы-ның үздіксіз жүзеге асырылуына өз үлесін қосуда. Көбінесе жарын алмастырып, автокөлік тізгініне өзі отыра-ды. Отбасылық кəсіп болғандықтан бəрін ақылдасып, бірге шешеді. Əрине, көп ауыртпалық ер азаматқа түсетіні айтпаса да түсінікті ғой.
Міне, өзіміз көріп отырғандай, үйдің де, түздің де тізгінін тең ұстап, қоғамымыздың барлық салаларында белсенділік танытып отырған əйел – Аналар отбасының ұйытқысы болумен қатар, қоғамдық өмірде де үлкен
жауапкершілік танытып, уақыт көшінен қалмай, ел дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. Бүгінде еңбегінің жемісін көріп, отбасының алтын діңгегі болып отырған көпбалалы ана – Ақмарал Хожамұратованың
кəсіпкерлік саласындағы өзіндік жолы өзгелерге үлгі боларлық.
Райхан АЗИМОВА,
«Талғар».