АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Осыдан тура 30 жыл бұрын, 1989 жылдың 15 ақпан күні Кеңес əскерлерінің Ауған жерінен шығарылғаны тарихтан мəлім. Бір сəт ресми дерекке көз жүгіртер болсақ, 1979 жылы желтоқсан айында Ауғанстанға Кеңес əскерлерін енгізу басталған еді. Отан алдындағы əскери борышын өтеуге Қазақстан жерінен 22 269 жауынгер аттанған еді. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кеткен, мыңдаған жігіт елге мүгедек болып оралды. Талғар топырағынан соғысқа аттанған 326 жауынгердің 11-і жат елде ажал
құшып, темір табытпен оралды. Қаншама отбасы қара жамылып, қайғы жұтты. Сұм соғыстың зардабы мен азабы, жүрекке салған жарасы ешқашан да жазылмақ емес. Ауған қасіреті, ауған ардагерлерінің ерлігі
ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде Талғар ауданында 170-ке жуық Ауған соғысының ардагерлері бар.

Осы аптада аудан əкімі Рыскелді Сатбаев бір топ Ауған соғысы ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті. Айта кету керек, бұл күнгі кездесуде қанды соғыста омырауларын отқа тосып, қанды шайқаста жарақат алған
ардагерлер бас қосты. Жиналғандармен жылы жүзді аман-саулықтан соң, аудан басшысы Ауған соғысының тарихына тоқталып, Қазақ стан жерінен интернационалдық əскери борышын өтеуге аттанған жауынгерлер-дің ерлігі мен батырлығын тілге тиек етті. Ауған соғысы ардагерлерінің майдан даласындағы жауынгерлік жолы мен туған елге оралғаннан кейінгі бейбіт өмірдегі еңбек үрдісі өскелең ұрпаққа қашан да үлгі-өнеге болатынын айтты. Осыдан соң ардагерлер атынан сөз алған Анарбек Жұмажанов өздеріне көңіл бөліп, құрмет көрсеткен аудан əкіміне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да жастарды елжандылық пен Отансүйгіш-тікке баулуда өз үлестерін қосып, игі істің ұйытқысы болатындықтарын жеткізді. Кездесудің қорытынды бөлімінде аудан əкімі Р.Сатбаев жиналған ардагерлердің əрқайсысына жылы лебіз жазылған «Алғыс хат» пен гүл шоқтарын, сый-сияпатын табыс етті. Жиналғандар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқас-ты.

Райхан АЗИМОВА,
«Талғар».