ВАКЦИНА АЛҒАНДАРДАН ШАҒЫМ ТҮСПЕГЕН!

ВАКЦИНА АЛҒАНДАРДАН ШАҒЫМ ТҮСПЕГЕН!

Бүгінде қызылша ауруы республиканың кейбір қалаларында өршіп тұр. Əсіресе үлкен шаһарларда. Сол себепті жұқпалы аурулар дəрігерлері ауру белгісі біліне бастаған тұрғындарға көпшілік жерлерге бармауға кеңес береді. Ең дұрысы үйден шықпай дəрігердің көмегіне жүгіну. Себебі вакцина алмаған, иммунитеті төмен балалар мен ересек адамдар бұл жұқпалы ауруды көтере алмайды екен.

Ал аудан бойынша 2018 жылға 9000-ға жуық балаларға екпе егілген. Қызылшаға, паротитке жəне қызамыққа қарсы аттенуирленген лио филизацияланған тірі вакцина Үндістаннан жеткізілген. Мамандардың айтуынша бұл əбден тексерістен өткен, жақсы екпе. Қазіргі күнге дейін вакцина алған адамдардың біреуі де шағым түсірмеген.

Аудандық эпидемиолог-дəрігер Батыржан Баратовтың берген ақпараты бойынша қараша айынан осы күнге дейін қызылшамен алты адам ауырып тіркелген. Олардың біреуі ересек адам болса, қалған бесеуі балалар.
Барлығы дер кезінде ем алып, жазылып шыққан. Бүгінгі күнде денсаулықтарына қауіп жоқтығын айтты. Оның айтуынша аудан бойынша есепте тұрған барлық тұрғындар мен балаларға екпе егілген. Егер тұрғылық-ты жері бойынша амбулаторияда не аудандық ауруханада тіркелмеген пəтер жалдап тұратын тұрғындар бол-са қазірден бастап есепке тұруларына болады. Яғни есепке тұрғаннан кейін қызылшаға қарсы екпені алғаны не алмағанын анықтайды. Алмаған жағдайда вакцина тегін салынады.

Қызылша – қауіпті жұқпалы ауру түрлерінің бірі. Сондықтан мамандар екпені уақытымен алған дұрыс, деп отыр. Жаппай иммундау жүргізілгендіктен қазіргі таңда бұл сырқат түрімен күресу қиындық тудырмауда.
Бұл ауру көбіне жыл мезгілін таңдамайды, бірақ дымқыл ауада ол тез тарап, асқынып кетуі, əбден, мүмкін. Сол себепті əр адам екпе ектіріп, иммунитетті түсіріп алмай, спортпен шұғылдануы керек.

Əйгерім ƏМІР,
«Талғар».