АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ

АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫСТАР АУҚЫМДЫ

«Балапанды күзде санайды» дейді халық даналығы. Қарапайым халыққа да жыл сайын жылдың басында ауыл тұрғындарымен жүзбе-жүз кездесіп, олардың мұң-мұқтажын, өтініш-тілектерін жинақтап, жыл бойы еңбек ететін аудан, ауыл əкімдері үшін де есеп беру жиналысы өз жемісін беріп келеді. Жыл бойы атқарылған
жұмыстарды қорытындылап, алдағы жылға жаңа міндеттер алып, сол бойынша жұмыс жасайтын əкімдер өздерінің халық алдында жауап беретін сын сағаты болатынын сезінетін сəті бұл.

Өткен аптада Тұздыбастау ауылындағы №13 орта мектепте өткен жиынында аудан əкімі Рыскелді Сатбаев пен ауыл əкімі Мирас Баймолданов халық алдында жыл бойы атқарылған жұмыстарға есеп берді. Алқалы жиынға аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Мейрамгүл Ермағанбетова, аудандық
мəслихат хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы, аудан əкімінің орынбасарлары мен аудандағы түрлі сала басшы-лары қатысып отырды. Ең алдымен 2018 жылға есеп берген ауыл əкімі Мирас Баймолданов ауылдың тыныс-тіршілігі мен халықтың əлеуметтік жағдайының оңалуы жайында əңгіме өрбітіп, мемлекеттік бағдарламалар-дың ауылда жүзеге асуы туралы айтып берді. Одан кейін мінберге көтерілген аудан əкімі Рыскелді Сатбаев аудан көлемінде 2018 жылы атқарылған жұмыстарды рет-ретімен баяндап, ауыз су, жолдарды жөндеу, денсаулық сақтау саласы мен жыл сайын халықтың тарапынан көп қойылатын ауылдардағы электр жарығын пайдалану кезіндегі кездесетін келеңсіздіктердің шешілуі жөнінде баяндады.

Баяндамашылардан соң кезек-кезек мінберге көтерілген ауыл тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарын аудан əкімінің алдында жайып салды.

Ауыл тұрғыны Нұрлан Шөкебаев «Арман» мөлтек ауданындағы Игенбаев көшесінде жарық жиі сөнетінін, көше бұрыштарындағы жарық беретін шағын станциялардың жеке меншіктің қолында екенін ашына айтты. «Жерұйық» ауылының тұрғыны Гүлсара Қабылбекова жарық үшін көше тұрғындары 28 теңгеден төлеп отырғандарын, ауыл халқы жыл сайын өсіп отырғандықтан ауылға тағы бір мектеп керек екендігін, Алматыдан қатынайтын №54 автобус «Жерұйық» мөлтек ауданына дейін барса деген тілегін айтты. Сонымен қоса халқы көп Тұздыбастау ауылында амбулатория өте қажет екенін тілге тиек етті. Ауыл тұрғыны Қайрат Елібаев көше бойындағы ағаш бөренелерді бетоннан жасалған жарық өткізгіш бағаналармен ауыстырмаса, бірінің үстіне бірі тартылған электр сымдары желді, дауылды күндері өртеніп кетуі əбден мүмкін екенін аудан басшысының есіне салды. Сонымен қоса ауыл арасында қаңғыбас иттердің
толып кеткенін, ол балалар өміріне қауіп төндіретінін жеткізді. Ауыл тұрғыны Бектеміс Мұсажанов бюджет-тен түсетін салықтың 60% ауыл өміріне жұмсалуы керек екенін аудан басшысына түрлі мысалдармен айтып берді. Ауыл ақсақалы Дəулет Желдікбаев ауылға жыл сайын мыңнан астам халық қосылатынын, соған
байланысты ауылға бір емес, екі мектеп салмаса болмайтынын, ауыл тұрғындарына үйіне газ өткізу 700 мыңға түсетінін, оны əрбір тұрғынның қалтасы көтермейтінін қадап айтты. Ауылдағы Күшікбаев көшесінің
тұрғыны Мақпал Манжуова аудандық сəулет бсқармасының мамандарының шалағай ісінен көше тұрғындары көше бойын өз беттерінше жауып тастағанын, соның кесірінен бір көшеден екінші көшеге өту қиындық туды-рып отырғанын аудан, ауыл əкіміне ашына айтып берді. М.Манжуова ауылдағы шағын емхананың өте тар екенін, бес адамның басы қосылса аядай жерге сыймай кететінін айтып, ауылға бір емхана салып берсеңіздер деген тілегін жеткізді. Аудан əкімі Р.Сатбаев əр тұрғынның сұрағына байыппен жауап беріп, дұрыс шешімін табатын мəселелерді сол жерде жауапты мамандарға тапсырып, есеп беру жиналысын қорытындылады. Ауыл халқы екі əкімнің баяндамасына да қанағаттанғандық сезіммен тарқасты.

Аудан əкімі Рыскелді Сатбаевтың жоспарлы кесте бойынша халықпен жүздесуі сол күні БЕЛБҰЛАҚ ауылын-дағы №32 орта мектептің жиынжайында жалғасты. Ең алдымен 2018 жылдың қорытындылары жайлы ел алдында есеп берген ауыл əкімі Аслан Қасымбаев округтегі Бірлік, Талдыбұлақ, Шымбұлақ, Белбұлақ ауыл-дарында 4 мектеп, 9 балабақша, 3 дəрігерлік амбулатория бар екенін, округте 435 шаруа қожалықтары тіркелгенін тілге тиек етіп, əлеуметтік салада атқарылып жатқан мəселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, ке-ңінен баяндап берді.

Ауыл əкімінен соң мінберге көтерілген аудан əкімі Рыскелді Сатбаев аудан көлемінде
2018 жылы қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы жайлы баяндап, өткен жылға есеп беруде халық сұраған Мəдениет үйін салу жөніндегі ұсыныстың облыс əкімі А.Баталовтың назарына жіберіл-генін жеткізді. «Ел ағасыз, өзен жағасыз болмас» демекші, ауылдың мұң-мұқтажын үнемі əкімдер назарына
жеткізіп жүретін ауыл ағасы Сапархан Исаев үш ауылға ортақ Мəдениет үйінің тезірек салынуын, ауыл халқы сұрап отырған бейіт мəселесін түпкілікті шешу керектігін, полиция қызметкерлері жұмыс істейтін тірек пунк-тінің өте қажет екенін байыппен жеткізе білді.

Сонымен қатар аса ауыр науқастарға тегін берілетін 25-түрлі дəрі-дəрмектердің халыққа дер кезінде берілмеу себебін аудандық аурухананың бастығы Н.Құлсейтовтен қа-дап тұрып сұрады. Сонымен бірге жаңа жылдан бастап көтерілген жалақының аудан көлемінде қанша пайыз-ға өскендігін білгісі келетінін аудан басшыларына сұрақ етіп қойды. Ауыл ақсақалы Алтынбек Шамаев ауыл-дың шеткі көшелерінде жарық жоқ екенін, аудандық ауруханадағы емдеу мəселесінің сын көтермейтінін, Тал-ғар қаласындағы ауруханада «УЗИ» мен жүректі түсіретін аппараттың əлі күнге жоқ екенін ашына айтты. Соның кесірінен Алматыға шапқылап, емделу үшін қарапайым халықтың көп бейнет көретінін аудан басшы-сының назарына салды. Ауыл азаматы Мақсат Кенжебаев ауылдағы №34, №35 мектепке қарай қатынайтын көшеге жөндеу жүргізу керек деп Елбасы Н.Назарбаевқа жазған 900-ауыл тұрғынының хатының мəн-жайын
аудан əкімі Р.Сатбаевқа да сұрақ етіп қойды. Ауыл тұрғындарының көшеде қаңғыбас иттердің үйір-үйірімен жүретінін, соның кесірінен мектеп оқушыларын ит қауып алу деректері көбейіп кеткендігі жөніндегі
сұрағына аудандық ветеринария бөлімінің бөлім басшысы Рашид Смайлов жауап беріп, көшедегі иттердің ауланатыны жөнінде айтып берді. Ауыл азаматы Хамза Алиев жыл сайын өсіп бара жатқан ауылдың үлкенді-гінен науқасқа келген «Жедел-жəрдем» дəрігерлерінің керекті үйді таба алмайтынын, сондықтан көше басы-на көшенің атын үлкен жазумен жазу керек деген ұсынысын ауыл əкімі А.Қасымбаев та құптады. Х.Алиев
сонымен қатар аудандық сəулет жəне қала құрылыс мекемесі мен жер комитеті бөліміндегі мамандардың сыбайлас жемқорлыққа жол беріп келе жатқанын жандүниесі күйіп тұрып жеткізді. Халықпен жүздесуге келген аудан əкімі Р.Сатбаев берілген сұрақтарға өзі де жауап беріп, өзімен ере барған түрлі сала мамандарын
да тұрғызып, ауыл тұрғындарының арызшағымдарының аяқсыз қалмайтындығына ауыл халқының көзін жеткізді. Төрт ауыл тұрғындары аудан əкімі Р.Сатбаев пен ауыл əкімі А.Қасымбаевтың жылдық есебіне
қанағаттанарлық деген баға берді.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».