НҰР ОТАН — ПАРТИЯСЫНА 20 ЖЫЛ

НҰР ОТАН — ПАРТИЯСЫНА 20 ЖЫЛ

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы еліміздегі қоғамды ұйыстыратын көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де өзіндік жолы, бағыт-бағдары айқын саяси күш. Өткенді ой елегінен өткізіп, тарихи деректерге көз жүгіртер болсақ, 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылғаны белгілі.

1999 жылғы 1 наурызда партияның І құрылтай съезі өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев бірауыздан партия Төрағасы болып сайланып, Саяси кеңес, Орталық ревизия комиссиясының құрамы бекітіліп, партия Жарғысы қабылданды. Сонымен бірге съезд делегаттары маңызды-лығы жағынан тарихи болып саналатын «Отан» республикалық саяси партиясының, Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясымен, Қазақстанның либералдық қозғалысы, «Қазақстан – 2030» қозғалысымен бірігуі туралы қарарды қабылдады. 2002 жылғы 9 қарашада Алматы қала-сында «Отан» республикалық саяси партиясының кезектен тыс IV съезінде «Отан» РСПна Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы мен Республикалық еңбек саяси партиясының қосылуы туралы шешім қабылданды. 2006 жылғы 4 шілдеде Астанада Республикалық «Отан» саяси партиясының кезектен тыс IX-съезі өтіп, «Асар» партиясының, ал, 2006 жылғы 22 желтоқсанда өткен кезектен тыс Х-съезде Азаматтық жəне Аграрлық партиялардың «Отан» РСП қатарына қосылуы туралы шешім қабылданды. Партияның Х-съезінде көпшілік дауыспен Қазақстанның жетекші саяси күшін «Нұр Отан» халықтық демократиялық
партиясы етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. Ал 2013 жылғы 18 қазанда «Нұр Отан» Халықтық демо-кратиялық партиясы «Нұр Отан» партиясы болып өзгертілді. Құрылғанына 20 жылға жуық уақыт болған іргелі партияның қалыптасу, өсу, өркендеу жолы осылайша өрілген еді.

Қазақстан бүгінгі күні іргесі берік, ынтымағы жарасқан, экономикасы күннен-күнге, жаңашылдыққа ұмты-лып инновациялық-индустриалды бағытта дамыған қуатты мемлекетке айналуда. Міне, осынау тəуелсіздік алған жылдар аясындағы ел ырысын арттырып, береке-бірлігін нығайту жолындағы «Нұр Отан» партиясы-ның үлесі зор, ізі айшықты. «Нұр Отан» партиясы «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиялық бағдарламасын негізге алып, қоғам өміріндегі маңызы зор мəселелерге араласып, ел дамуына елеулі үлес қосып келе жатқаны мəлім. Тарихи құжаттың басты бағыты – халықтың
əлеуетін көтеру, инновациялық-инфрақұрылымдық талаптарды негізге ала отырып, ел игілігіне бағыттау болып табылады. «Нұр Отан» еліміздің барлық аймақтарында қанатын жайған, қатары көп, халықтың зор сеніміне ие болған жетекші партия ретінде жарқын істердің жаршысы əрі дем берушісі болып келеді.

Жалпы əлеуметтік мəселелерді шешу мақсатында аудандық партия филиалы тарапынан жүзеге асырылып отырған іс-шараларды көптеп келтіруімізге болады. Ең бастысы əлеуметтік мəселелерді шешуге атсалысу еліміздегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты жолдарының бірі екенін назарда ұстап келеміз. Бұл ретте қоғамдық қабылдаулардың, партиялық бақылаудың маңыздылығын айтып өту орынды. Халық пен
биліктің арасында алтын көпір бола отырып, жиындар мен кездесулер, қабылдаулар өткізіп, онда көтерілген түйінді мəселелерді шешуде оңтайлы нəтижеге қол жеткізіп келеміз. Мұның өзі партияға деген халықтың се-німі мен ықыласын нығайта түсуде. Қашан да алысты болжап, биікті межелейтін Елбасының «Рухани жаңғы-ру» бағдарламасы, күні кеше ғана осынау құнды дүниенің жалғасы болған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы əрбір қазақтың тарихи танымын кеңітіп, рухани мөлдір бастаудан сусындатқандай болды. Бұл ретте ел-жұрттың, əсіресе жастарымыздың рухани сауаттылығы мен əдеп-салтын қалыптастыруда атасалт, асыл дəстүрімізге негізделген мəдени шаралар, тағылымды жиындар жиі ұйымдастырылады. Осы жұмыстардың барлығында Үкіметімізбен Елбасының барлық стратегиялық жоспарлары мен кешенді бағдарламаларын іске асыруға сенімді тірек болған «Нұр Отан» партиясының қолтаңбасы айрықша дегім келеді. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты байлығы болғандықтан, мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі ретінде денсау-лық сақтау саласын дамытуға айрықша мəн беріліп келеді. Бұл бағытта еліміздегі ірі саяси күш – «Нұр Отан»
партиясы да негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын үнемі бақылауда ұстауда. Орта буын медицина мамандарын дайындайтын білім ордасының басшысы əрі нейрохирург маманы ретінде медицинаны ілгерілетуге арналған ауқымды жобаларды жүзеге асыруда инновациялық басымдықтарға ден қоюды бір сəтте естен шығармау керектігін түсінемін. Бəсекеге қабілетті білімді де білікті маманның қоғамға тигізер пайдасы ұшан-теңіз.

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойы еліміздің жаңа тарихи даму кезеңімен сабақтасып, қоғам-ның барлық саласында уақыт ағымына сай модернизациялау, экономикалық жəне технологиялық, саяси, əлеуметтік жəне рухани жаңғыру үдерісімен үндесуі көптеген игі істерге серпін берері анық. Ең бастысы Ұлт Көшбасшысы белгілеген əлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан лайықты орын алуға ұмтылған тəуелсіз Қазақ-стан елінің тұғыры берік, мəртебесі биік, болашағы жарқын болуы жолында «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» еңбек етейік.

Бағжан Құдабаев,
Талғар медициналық колледжінің директоры,
аудандық мəслихат депутаты.