Мәслихат жылды қорытындылады

Мәслихат жылды қорытындылады

Апта басында аудандық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясы өтті. Сессияға депутат Бағжан Құдабаев төрағалық етіп, сессияға аудан әкімі Рыскелді Сатбаев, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамгүл Ермағанбетова, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қалимолда Байболов, облыстық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлім, мекеме басшылары, Талғар қаласы мен ауылдық округ әкімдері,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды. Кезекті сессияның күн тәртібі мен регламенті бекітілген соң,  күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Талғар ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы»  аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Айман Кисибаева баяндама жасады. Баяндамашы аудан бюджетіне түске түсімдер мен шығыстарды жиылған қауымға тарқатып айтып берді.

2019 жылғы жалпы кірістер көлемі -24 млрд. 203 млн. 793 мың теңгені құраған. Оның ішінде аудандық бюджетке түсетін барлық кірістер 4 млрд 473 млн 855 мың теңге болса, оның 3 млрд 554 млн 135 мыңгесі салықтық түсімдер, 168 млн 122 мың теңгесі салықтық емес түсімдер, 751 млн 598 мың теңгесі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер екен. Ал ағымдағы трансферттер 6 млрд 433 млн. 353 мың теңгені құраса, даму трансферттер 6 млрд 799 млн. 790 мың теңге, субвенциялар 6 млрд 496 млн. 795 мың теңге болған.

Шығыстарға келер болсақ, жалпы көлемі  24 млрд. 53 млн 793  мың теңгені құраған. «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалды тобы бойынша  325 млн. 426 мың теңге қарастырылса, оның мәслихат  аппаратына — 21 млн 55  мың теңгесі, аудан  әкімінің  аппаратына  105 млн  258 мың теңгесі, көлік сатып алуға — 8 млн теңгесі жұмсалған. Қаржы  бөліміне 15 млн  163 мың теңге,  салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізуге 2 млн 827 мың теңге, жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқаруға, 1 млн 720 мың теңге қарастырылған. Экономика  және бюджеттік  жоспарлау бөліміне —  19 млн  140 мың теңге бөлінгенін айтқа бөлім басшысы аталған қаражаттардың мақсатты жұмсалғанын өз баяндамасында егжей-тегжейлі баяндап берді. Келесі кезекте күн тәртібіндегі екінші  «Аудандағы денешынықтыру мен спорттың жағдайы және оны одан әрі дамыту бойынша шаралар туралы» халық қалаулылары аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Аманжол Нұрмановтың баяндамасын тыңдады.

Бөлім басшысы  ауданымызда 242 спорттық нысан халыққа қызмет ететінін айтты. Оның ішінде 3 стадион, 3 спорттық -сауықтыру кешені,              9 жүзу бассейні, 67 спорт залы, 57 спорт алаңдары, 58 футбол алаңы, 7 соңғы үлгіде жасалынған шағын-футбол алаңдары,6 теннис корды, 4 тау шаңғы трассалары, 1 жабық  хоккей алаңы және басқа да 26 спорттық объекті аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануына мүмкіндік беріп отыр екен. Аманжол Нұрманов баяндама барысында спорт саласындағы атқарылып жатқан игі істер мен спорт саласындағы жетістіктерімізді тізбектей жеткізді. Қос баяндамашыны да мұқият тыңдаған депутаттар оларға сұрақ-сауалдарын қойып, есебіне қанағаттанарлық бағаларын берді. Бұл күнгі депутаттар алдына қойылған үшінші «Талғар аудандық мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешімнің жобасы депутаттарға алдын ала таратылып берілгендіктен ол да бірауыздан қолдау тапты. Одан кейін кезекті сессияның төрағасы сайланды. № 14  сайлау  округінің депутаты Арман Раханов келесі сессия жұмысына төрағалық ететін болды.  Сессияда қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі Рыскелді Сатбаев сөз сөйлеп, ауданымыздың дамуы мен көркеюі жолында тындырымды еңбек етіп келе жатқан халық қалаулыларына алғысын білдірді. Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қалимолда Байболов пен облыстық мәслихат депутаты Асқар Сүлейменов те сессия жұмысын оң бағалап, барша қауымың алдағы еңбектеріне табыс тіледі.

Перизат Нұрқаева,

«Талғар».