«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНА — 20 ЖЫЛ
Елімізде 2004 жылдың 9 желтоқсанынан бастап Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіліп келеді. Біз бүгінде өркениетті еліміздің дамуына тұсау, кемелденуіне кедергі келтірер қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күресудеміз.
Жуырда аудандық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
күніне орай жиын өткен болатын. Игі шараны аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі мен аудандық «Нұр Отан» партиясы бірлесе өткізді. Жиынға аудандық қоғамдық кеңес мүшелері мен партия белсенділері, халық қалаулылары, жігерлі жастар қатысып отырды. Жиыды жүргізіп, алғашқы сөз алған аудандық мəде-ниет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева Елбасымыз Н. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдайтын Жолдауларында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттырып, жемқорлыққа қарсы күрестің еліміз үшін маңыздылығын алға тартып келетінін жеткізді. Содан кейін сөз ке-зегін алған партия төрағасының орынбасары Мейрамгүл Ермағанбетова мен аудандық мəслихат хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы, партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының төрағасы Нұрсұлтан
Сəрсеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру, жат кеселдің алдын алу мен болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде сөз қозғады. Келелі басқосуда ауданымыздың мəдениет саласының мамандары əсем əндерімен əрледі. Қасиетті қара домбырасын асынған дəстүрлі əншілер Аманқос Садықов пен Ғанипа Садықова орындаған халық əндері мен термелер жиылған қауымға көтеріңкі көңіл-күй
сыйлады. «Думан» театрының əртістері мемлекеттік қызметтегі жемқорлық туралы сатиралық көрініс көрсе-тіп, көрерменге үлкен ой салды.
Елбасы Н.Ə.Назарбаев өз Жолдауларының бірінде: «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің Консти-туциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу – жалпы ұлттық міндет», – деген бола-тын. Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында əлі де атқарылар істер ауқымды болмақ.
Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».