МӘУЛІТ – МҮБӘРӘК МЕРЕКЕ

МӘУЛІТ – МҮБӘРӘК МЕРЕКЕ

Жуырда Талғар ауданының бас имамы Мұсабек Тағанұлы бастаған мешіт жамағатының ұйымдастыруымен
Кеңдала ауылындағы «Кәусәр» мейрамханасында адамзаттың асылы болған Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)- ның туылған күніне арналған «Мәулітмүбәрәк мереке» атты тақырыпта ауқымды іс-шара болып өтті.

Мəуліт айы – екі дүние сардары болған, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың туған айы.

Рухани мəні кең шараға аудан, ауыл мешіттерінің имамдары мен қызметкерлері, ауыл ақсақалдары, ақ жау-лықты аналар, жастар көптеп жиналды. Айтулы мереке Алланың сөзі Құран аяттарын оқумен басталды. Осы-дан соң алғашқы сөз кезегін алған Алматы өңірінің өкіл имамы Қуанышқажы Бақытбекұлы өткізіліп отырған
мерекенің мəні мен маңыздылығына тоқталып, ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфти Серікбай қажы Ораздың сə-лемі мен құттықтауын жеткізді. Өз сөзін сабақтай келе, ол Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арнап салауат айтудың қадір-қасиетіне байланысты уағыз айтты. Рухани кеш барысында аудандық мəслихаттың хатшысы Жұмахан
Еңкебайұлы, Кеңдала ауылдық округінің əкімі Алмас Өмірзақов, Іле ауданының бас имамы Алдажар Сейітұлы, имам Тыныштық Яхияұлы, Туғанбай ауылындағы мешітті тұрғызуға демеушілік жасаған азамат Мұрат Нұрғазиев, Панфилов ауылы мешітінің бас имамы Нұрлан Асановтар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүн-нет болған амалдарын орындаудың маңыздылығы мен мəуліт мерекесінің мəнін жеткізе келе, жиналған көп-шілікке жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. Кеңдала ауылында орын тепкен медресенің шəкірттері араб
жəне қазақ тілдерінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолдарын баяндайтын мəуліт жырларын оқығанда, барша жамағат болып, тік тұрып, салауатқа қосылды. Жиналған жамағаттың назарына «Пайғамбарымыз
Мұхаммед (с.ғ.с.) соңғы намазы» атты бейнефильм ұсынылып, медресе жастары Алла елшісінің өнегелі өмі-рінен сахналық көрініс көрсетті. Атаулы мереке барысында ауыл тұрғындары, ақын Б.Көлбаев, Д.Қарбоз, Б.Бақберген өздерінің жыр жолдарын оқып, көптің көңілінен шықты. Мəуліт айының құрметіне өткізілген
басқосуда Құран аяттары оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылды. Жұртшылықты ақ дастархан басында дидарластырып, имандылықтың мөлдір бастауынан сусындауына мүмкіндік берген қастерлі мере-кенің мəнді де мазмұнды өтуіне ауданымыздың Құрметті азаматы, дін өкілі, ақын Кəмнұр Тəлімұлы да бір кісідей атсалысқанын атап өткен орынды.

Іс-шараны ауданымыздың бас имамы Мұсабек Тағанұлы қорытындылап, Алланың ең соңғы Елшісі, ардақты
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмір жолынан, сүннетінен сыр шертті. Қасиетті ислам дінін ұлықтап, ел-жұртты берекебірлікке, имандылыққа үндеді.

Райхан АЗИМОВА,
«Талғар».