Әкім желтоқсаншыларды қабылдады

Әкім желтоқсаншыларды қабылдады

«Тек бүгінгі күнге өбектеп, өткенді өгейсіту – жабайылық, арамзалық, надандық» — деп ақын Александр Пушкин айтқандай, өткен ғасырдың аяқ шетінде, яғни, 1986 жылы Алматыда тәуелсіздік пен бостандық үшін алаңға шығып, сол жолда мерт болған қазақ ұл-қыздары: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова бастаған жас қыршындар мерт болған айтулы оқиға Желтоқсан көтерілісіне биыл 32 жыл толып отыр. Осы аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімдігінің кіші залында аудан әкімі Рыскелді Сатбаев желтоқсаншыларды қабылдады. Ресей империясының қабырғасын шытыната сөккен қазақ жастарының ұлы ерлігі — Еуразия кеңістігінде айтулы оқиға болып, ақыры он бес республиканың дербес мемлекет болып тәуелсіздік алуына алып келді. Міне, қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісіндегі ұлы рухы мен қайсарлығын тілге тиек еткен аудан әкімі Р. Сатбаев желтоқсаншыларды айтулы мерекемен құттықтап, оларға ақшалай сыйлық пен гүл шоқтарын салтанатты түрде табыс етті. Жылы шырайда өткен басқосуда Желтоқсаншылар ұйымының жетекшісі Оңдаш Есіркепов аудан әкімшілігіне осындай кездесу өткізіп, марапат көрсеткендігі үшін алғыс айтып, естелік суретке түсті.

  

  

Тұрсынбек Жалғасбаев,

Талғар.