Тәуелсіздік күні қарсаңында Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында сала мамандары марапатталды. Облыс басшысы А.Баталов үздік деп танылған жеңімпаздарды құттықтап, сый-сыяпат ұсынды. Сол үздіктердің қатарында ауданымыз да бар.
«Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі» конкурсының нәтижесі бойынша Талғар ауданы бірінші дәрежелі диплом мен 400000 теңгенің сертификатын иеленді. Аудан басшысы Р.Сатбаев жәрмеңкені үздік өткізуді міндеттеп қана қоймай, аграрлы ауданның сапалы жұмыс істеуін үнемі бақылауында ұстайтыныны оқырманға белгілі. Ауыл шаруашылығына қатысты мемлекеттік бағдарламалардың қалыпты жүзеге асуын қадағалап, сол бойынша жүргізілетін жұмыстардың нәтижелі болуы – басты міндет. Аталған міндет межесінен шығып жүрген жауапты бөлім басшысы Е.Толқынов мен бөлім қызметкерлерінің аудан абыройын асөқақтатудағы еңбектері орасан. Жуырда өткен алқа мәжілісінде, осы уақыт аралығында ауылшаруашылығы саласында 36559,0 млн. теңгенің жиынтық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,2 пайызды көрсетіп отырғандығы айтылған болатын. 33895 гектар егіс алқабының, 13725 гектар дәнді-дақылдар, 4860 гектар майлық дақылдар, 3785 гектар картоп, 2721 гектар көкөніс, 220 гектар бақша және 8584 гектар жем-азықтық дақылдар егіліп, бүгінгі күнге барлық ауыл шаруашылық дақылдары толығымен жиналған. 45 гектар алқапқа жеміс-жидек дақылдары отырғызылған. Оның 5 гектары «Апорт» сорты, 40 гектары қарқынды бақ. 4,55 гектарды құрайтын 23 жылыжай шаруашылығынан 540 тонна өнім алынып, екінші дақыл айналымына көшеттер отырғызылған.
1,9 млрд теңгеге 2 инвестициялық жоба іске қосылған. Олар: «Баймене» ЖШС – 40 га алқапқа қарқынды бақ отырғызса, «Алматы» АШӨК – 800 басқа арналған сүт тауарлы фермасын салған. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 кооператив құрылған. Міне, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктермен жылды аяқтап отырған саланың байқауда топ жаруы – ауданның да беделі. Марапаттарыңыз құтты болсын!
М.Бөлек.
1 Пікір
Амангул 07.12.2018 at 11:54
Талғар көркейе берсін, тек Талғар трассасы қардан кашан тазаланып, мұз тайғақ жолдарын қашан кореди екен, кеште жарық шамдары да жоқ, қашан жарық пен электр жағы қолға алынады? ???#28 мектеп көшесі мұз айдыны болып тур, құм тұз себу трассада қашан басталады? ??