Өткен аптада қаладағы орталық кітапхананың оқырмандар залында жергілікті ақын, ардагер ұстаз, Кеңдала ауылының тұрғыны, ғұмырының қырық жылдан астам уақытын бала тәрбиелеу ісіне арнаған Дәулетхан Карбоз ақынның жақында баспа бетінде жарық көрген «Талғар тау» және «Астананың ақ түні» атты әндер жинағы топтастырылған екі кітабының тұсаукесері болып өтті.
Осы кешке жиналған мектеп оқушылары мен колледж студенттері алдында жаңа кітаптардың лентасын кесіп, ақын Дəулетхан Карбозға ізгі тілектерін білдірген тіл жанашыры, ақын, білікті ұстаз Камнұр Тəлімұлы мен Талғар қалалық балалар музыка мектебінің ұстазы Забира Теңізбаева жəне музыка пəнінің мұғалімі Қажымұрат Ибрагимовтер кітап сүйер қауымға екі поэзиялық шығармасын тарту етіп отырған Дəулетхан Карбоздың өмірі мен ұстаздық еңбегінен сыр шертіп, ақынның алдағы шығармашылығына толағай табыстар тіледі.
«Поэзиямен айтылған сөз əр уақытта жүрекке жетеді. Қара сөзді сығып-сығып жүз сөзден бір сөз шығаратын – поэзия», – деп КСРО жəне Қазақстанның əйгілі актері, қазақ киносының жұлдызы Асанəлі Əшімовтың айтқан сөзінің жаны бар. Өлең – жан-дүниеңде болып жатқан сезімдердің көшірмесі екені даусыз. Ақын Дəулетхан Карбоз бұл кітабында өзі туып-өсіп, кіндік қаны тамған Қырғызсай ауылын, сол өңірдегі көзіне ыстық көрінетін Кетпентау, Ұзынқара жоталары мен Қайқы асуында мəңгі орын тепкен ата-баба зираты жатқан Ақбейіт пен саумал ауасы тынысты ашатын Сартоғайын жырға қосқан. Өзі өмір сүріп жатқан табиғаты көркем, сұлу Талғар туралы: «Қасиетті Талғар тау, Басы биік заңғар тау, Қоныс тептім бауырыңнан, Үмітімді жалғар тау», – деп осы өңірге деген ыстық сезімін өлең жолдары арқылы жеткізіпті. Əн мен жырға кезек
кезек орын берілген осы кеште Дəулетхан Карбоздың немерелері Нұрсұлтан мен Абылай, жиен-немерелері Амангелді Таңшолпан, Амангелді Əмірдің нақышына келтіре орындаған өнеріне жұрт қайтақайта қол соқты. «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы əн мен тəтті күй», – деп дана Абай айтпақшы, Бəйтерек ауылындағы Əл-Фараби атындағы мектептен келген əріптестері Қажымұрат Ибрагимов пен Гүлмира Еламанованың орындауындағы Дəулетханның «Астананың ақ таңы» атты əніне де жиналғандар ризашылық сезімдерін білдіріп жатты.
«Ақын деген – барша жұрттың алдында ақ жанын айқара ашып тұратын адам», – деп жапон халқының ұлы ақыны Акутагава айтқандай, жүрегі əдемілік пен сұлулыққа құштар, ғұмыр бойы туған жерін жырлап, өзі өмір сүрген қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарай алмайтын Дəулетханның алты асуы – алпыс жас-тан асқан соң баспа бетінде жарық көрген бұл кітаптарынан оқырман қауым жақсы əсер алатынына еш күмə-німіз жоқ. «Кітап – жан азығы» – демекші, ақын Дəулетхан Карбоздың қаламынан əлі талай-талай жыр
шумақтары туа беретініне сенім мол.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».