ҚАБЫЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

ҚАБЫЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

«Нұр Отан» партиясының  өзге партиялардан ерекшелігі – азаматтар үшін қоғамдық қабылдау бөлмелерінің болуында. Партия төрағасы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен ашылған бұл қабылдау бөлмелерін тұр-ғындарға заң аясында кеңес беріп, түрлі қабылдаулар өткізетін жəне де ойларын бөлісетін, бір сөзбен айт-қанда, халық пен биліктің арасында алтын көпірге айналған ашық алаң десек болады. Азаматтар өзін маза-лаған сауал бойынша кез келген уақытта мемлекеттік жəне құқық қорғау органдары, партия басшылары мен халық қалаулыларының жеке қабылдауына кіре алады. Аудан тұрғындарының əлеуметтік мəселелерін шешу-де қоғамдық қабылдаудың маңызы зор екеніне көзіміз жетуде.

Жуырда аудандық «Нұр Отан» партиясының мəжіліс залында аудан əкімі, «Нұр Отан» партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасы Рыскелді Сатбаев қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының
өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Партия төрағасының қабылдауына келген Белбұлақ ауылының тұрғыны
Шынболат Елешов Белбұлақ пен Алатау ауылдық округімен шекаралас орналасқан жер телімінің мəселесін
көтере келіпті. Ортақ пайдаланатын жер телімін белгілі бір азаматтың заңсыз қоршап алуының салдарынан
8 отбасы өз аулаларына кіре алмай жүргендіктерін жеткізіп, аудан басшысынан мəселенің мəн-жайын
ашуға көмек сұрады. Аудан əкімі ауыл əкімдері, сəулет жəне қала құрылысы мен жер қатынастары бөлімінің басшыларына арыз бойынша жұмыс жасап, тұрғындар тілегін назарда ұстауды тапсырды. Келесі кезекте Қайнар ауылдық округіне қарасты Еламан ауылының тұрғыны Байжан Нусипқожаевтың арызын тыңдады. Ол азамат жергілікті тұрғындардың қаражатына жүргізілген су құбырының аудандық «Су құбыры» мекеме-сіне өткенін қаламайтындықтарын айтты. Сонымен қатар аталмыш мекеме үстіміздегі жылдың маусым айына дейінгі төлемақыларға заңды түрде кассалық аппарат арқылы чек бермегенін алға тартты. Су бағасына
қатысты да қарсылықтарын білдірді. Ал, Қайнар ауылдық округінен келген «Қанағат» ШЖС жетекшісі Серік
Қылбаев Қайнар ауылдық округіне қарасты 100 гектардан астам суармалы жерлердің пайдалану нысаны жаппай ауыстырылып жатқанын айта келіп, ауылшаруашылығымен айналысып, дəнді-дақылдар егу мəселе-сінде қиындықтар туып отырғанын, суармалы судың тапшылығын тілге тиек етті. Барлық мəселені мұқият
тыңдаған партия төрағасы аталған жайттар бойынша тиісті тұлғаларға тапсырма беріп, партия мүшелерінің
өз бақылауына алатынын айтты.

Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».