Жетісулық баспасөз басшылары ТМД елдерінде болып қайтты

Жетісулық баспасөз басшылары ТМД елдерінде болып қайтты

Алматы облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау»  газеттерінің бас редакторлары ТМД елдерінде арнайы іс-сапарда болып қайтты.   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  қолға алынған бұл бастаманың  басты  мақсаты – тәжірибе алмасу. Игі шараны Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен аймақтағы ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған, деп хабарлайды ТалғарАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты, Талдықорғандағы өңірлік коммуникациялар қызметінде арнайы баспасөз-мәслихаты өтті. БАҚ өкілдері алдында сөз алған  қос басылым басшылары сапар барысында жинаған журналистік тәжіриелерімен бөлісті. Нақтырақ айтқанда, сапар иелері ТМД елдерінің 4 қаласында, яғни, Беларус мемлекетінің Минск қаласында, Ресейдің  Мәскеу, Украинаның Киев, Өзбекстанның астанасы Ташкентте болып қайтқан.

Ташкенттегі «Народное слова» газеті туралы өз ойын ортаға салған ақын Әміре Әрінұлы басылымның 150 мың таралыммен орыс тілінде шығатынын және онда жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалғанын жеткізді. Ал,  Мәскеу қаласында таралымы  2 млн. 300 мыңды құрайтын «Комсомольская правда» газетінде болып қайтқан Забира Сайдильдина ондағы озық үлгідегі жабдықтар мен жетістіктерді тілге тиек етті.

« «Комсомольская правда» газетіннің тарихы өте бай. Олар тек газетті ғана емес радиохабарды, телесюжеттерді, журналдармен тіпті кітаптарға дейін дарярлап жарыққа шығарады. Журналистері заңды, құқықты және соңғы жаңа технологияларды жақсы меңгерген. Менің бір көргенім онда мамандар жан-жақты»,-дейді ол.

Сондай-ақ, Киев қаласында 375 мың таралымы бар «Вести» редакциясының ішкі жүйесін сараптап қайтқан Нүсіпбай Әдірахым ондағы жан-жақты дамыған теле-радио саласындағы жаңалықтарды паш етті. Осыдан соң «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов Минск қаласындағы «СБ. Беларусь сегодня» басылымында әр салаға бөлініп жұмыс жасалатынын және ондағы «криминальная журналистика» бөлімінің жұмысымен таныстырды.

Талғар-ақпарат