Талғарда қысқа дайындық қарқынды

Талғарда қысқа дайындық қарқынды

Апта басында аудан әкімі Рыскелді Сатбаев аудан жолдарына қызмет көрсететін мекемелерді аралап, олардың қысқа дайындығын көріп қайтқан болатын. Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1295 шақырымды құрайды. Оның 1026 шақырымы  аудандық маңызы бар, 172 шақырымы облыстық  маңызы бар жолдар және  97 шақырым республикалық маңызы бар жолдар.

Рыскелді Ахметқалиұлы бастап, аудан әкімінің орынбасары Шыңғысхан Маманов, аудандық жолаушы көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің бастығы Асхат Досжановтар алдымен республикалық маңызы бар жолдардың қысқы мезгілдегі тазалығын қадағалайтын «ДЭУ 21» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасына бас сұқты. Барлық техникасын сақадай сай етіп дайындап қойған мекеме басшысы Нұрлан ——- басшыларға  өз құзырындағы жолдардың көлеміне қыста тазарту жұмыстарын жүргізуге дайын екенін айтты. Аудан басшысы әрбір техниканың жай-күйіне назар салып, техника тізгіндейтін жүргізушілермен де дидарласты. «Талғар-Алматы» күре жолынан бастап, «Алматы-Хоргос» күре жолының 60 шақырымына, Бесқайнар ауылына дейінгі жолдар мен Еңбекшіқазақ, Іле аудандарының да жолдарына қызмет көрсететін мекемеде техника саны жеткілікті. Қазіргі күні 13 техника дайын десек болады. Камаз  — 3 дана, фатон- 1 дана, трактор – 2 дана, тиегіш (погрузчик) 2 дана, ЗИЛ  2 дана, автогрейдер 3 дана. Дегенмен де қосымша 4 дана КамАЗ және Құм лақтырғыш 4 дана техниканы жалға алуды көздеп отыр. Жолға шашатын инертті материалдар қоры да толық.  5000 тонна отсев пен 500 тонна тұз  базада жинаулы екен. Аталмыш мекемеде жұмыскерлерге жақсы жағдай жасалған. Арнайы асхана, медбике, арнайы жұмыс киімдерімен қамтамасыз етілген.

Одан кейін Талғар қаласына тиеселі жолдардарға қызмет көрсететін «Данияр» жеке кәсіпкерлігінің дайындығын бақылап қайттық. 2018 жылдың I- IV тоқсанындағы  қысқы уақытта Талғар қаласының 36 көшесін, яғни 31 шақырым  жолдың қарын тазалау жұмыстарына бюджеттен 16,7 млн. теңге қаражат бөлінген. Бұл істі қолға алған «Данияр» ЖК  I-тоқсаны бойынша 6,6 млн.теңге қаржыны игерген. Өткен жылы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының теңгерімінен аудан теңгеріміне 65 шақырым жол қабылдап алынған. Осы жолдардың 28 шақырымына қар тазалау жұмыстарын жүргізуге қосымша 23 млн.теңге қаражатты қажет етіп тұр. Бұл мәселе болашақта оңтайлы шеліп қалуы мүмкін.  Қазіргі күні «Данияр» ЖК-де тұз-құм лақтырғыш КАМАЗдың (песка разбрасыватель) — 3 данасы, грейдер – 1 дана, тиегіш (погрузчик) –1 дана, трактор (щетка, лопата)  – 1 дана, самосвал (қажетті кезде ғана қолданылады) – 1 данасы бар. Оған қоса 1 дана грейдер мен 1 дана тракторды (щетка, лопата) жалға алмақшы. Инертті материалдар қоры да жеткілікті. 100 тонна отсев пен 35 тонна тұз түсіріп қойған. Аталмыш мекеме құм-тұз қоспасын сатып алуға «Алтын дән» ЖШС  карьерімен келісім шарт жасасқан. Рыскелді Ахметқалиұлы мекеме басшысы Мұрат Жиенбавқа жаяу жүргіншілер жолын тазартатын арайы трактордың тағы бір данасын қосып, жұмыскерлерді арнайы киімдермен қамтуды тапсырды.

Облыстық маңызы бар жолдарға қысқы мерзімде қар тазалау жұмыстарын «Есік жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  жүргізеді екен. Аталған мекеменің базасына барғанда санаулы ғана техниканы көзіміз шалды. Серіктістіктің аймақтық жетекшісі Юрий Чжен мекемеің тахникалық базасының үлкен екенін алға тартып, техниканың басым бөлігінің «Есік жолдары» ЖШС-ің негізгі базасында екенін алға тартты.  Инертті материалдар қорында 1000 тонна отсев пен 300 тонна тұз барын да айтты. Жұмыскерлердің уақытылы әрі сапалы еңбек етулеріне барлық жағдай жасап, арнайы киіммен қамтамасыз ететін болды. Қыс мезгілінде қар тазалауға жұмылдырылатын барлық техникалар ақаусыз, техникалық бақылаудан өткендігі де расталды. Қылышын сүйретіп қыс келгенде жолдарымыз жақсы күтімде болады деп сендік біз де.

Перизат Нұрқаева,

«Талғар» .