«Нұр Отан» — НҰРЛЫ ІСТЕРГЕ БАСТАЙТЫН ПАРТИЯ

«Нұр Отан» —  НҰРЛЫ ІСТЕРГЕ БАСТАЙТЫН ПАРТИЯ

Елбасы Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған партия. Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамын бір мақсат жолында біріктірудегі «Нұр Отан» партиясының рөлі мен қызметі өте зор екеніне көзіміз жетті.

Жуырда «Нұр Отан» партиясы Талғар аудандық филиалының ХХІІІ есеп берусайлау конференциясы өтті. Қаламыздағы М.Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес жəне менеджмент колледжінің акт залында өткен
конференцияға Саяси кеңес мүшесі, аудандық мəслихат депутаты Арман Раханов пен аудандық мəслихат хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, облыстық, аудандық мəслихат депутаттары, аудандық мекеме басшылары, партияның Саяси кеңесі мен бюро мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысып отырды. Қазақстан Республикасының Гимні орындалғаннан кейін партия филиалының төрағасы, аудан əкімі Рыскелді Сатбаев конференцияны ашып, жүргізді. Күн тəртібіндегі «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын партия
мүшелері арасында талқылау» мен «Талғар аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің 2017-2018 жылдар-дағы атқарған жұмысы туралы» есеп беру үшін сөзді аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші
орынбасары Мейрамгүл Ермағанбетоваға берді.

– Партияның биылғы есеп беру-сайлау конференциясы елімізде болып жатқан аса маңызды саяси əлеу-меттік, экономикалық өзгерістер толқыны кезеңінде өтіп отыр. Кешегі Елбасы, Партия төрағасы жариялаған
кезекті «Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының Жол-дауында халықтың əлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мəн берілді. Кезекті Жолдау-дың негізгі мəні – əлеуметтік саланы серпілтіп, тұрмыс пен табысты жақсартуға бірлесіп күш жұмсауға үндеу болды, – деп сөзін бастаған Мейрамгүл Сағынжанқызы Жолдаудың халық арасында кеңінен талқыланып, оны іске асыру шаралары жоспарланып, жүйелі стратегиялық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

– «Нұр Отан» партиясы өз жұмысын Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, «Қазақстан-2021, Бірлік, Тұрақтылық, Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы, «Жұмыспен қамту – 2020», «Рухани жаңғыру»
«Нұрлы жол», «Нұрлы жер», мемлекеттік бағдарламаларын негізге ала отырып, партияның 20 жобасы аясында жүргізіп келеді. Аудандық партия филиалы 94 топтан құрылған, 17 бастауыш партия ұйымынан
тұрады. Бүгінгі күні партия халықтың санына емес, сапасына көңіл бөлуде. Осы орайда, ауданымызда 7000 мыңға жуық партия мүшесі бар. Соңғы 2 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған база негізін-де партия қатарына 1622 адам қабылданса, 1323 адам партия қатарынан шығарылды. Ал, ай сайынғы жарна соммасы – 1 609 теңгеден уақтылы төленіп, бүгінгі күні 105 %-ға артығымен орындалуда. Партия мүшелері-нің құрамында жастардың саны облыс бойынша 16%-ды кұрап отырса, аудандық филиалда бұл көрсеткіш – 32 %-ды құрайды, — деген төраға орынбасары партия ардагерлер мен жалғызбасты қарттардың, мүмкіндігі
шектеулі азаматтар мен жастардың, балалар мен аналардың, бизнес өкілдері мен ауылдың мəселелерін шешуге бағытталған 20 ірі партиялық жобаларды жүзеге асырып отырғанын тілге тиек етті.

Партияның негізгі жұмысының бір бағыты – аудандық Саяси кеңестің жұмысын жандандыру болғандықтан 2017-2018 жылдары аудандық филиалда 12-Саяси кеңес бюросы, 8-депутаттар фракциясы отырысы, 11-партиялық бақылау комиссиясының отырысы, 5-жемқорлыққа қарсы əрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткен. Партияның қоғамдық қабылдауына өтініш білдіргендер саны – 651 адам, электронды
қоғамдық қабылдауға 47, телефон арқылы 78 өтініш түскен. Өтініш-тілектердің басым көпшілігі заң аясында кеңес беруге бағытталса, қалғандары тұрғын үй, коммуналдық қызметтерге қатысты, тұрғындарды жұмыспен қамту жəне əлеуметтік маңызды мəселелерге қатысты болып келетінін айтты. Баяндамашы өз сөзінде сыбай-лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңестің жұмысына да тоқталып, партияның 20 баста-машыл жобалары негізінде атқырылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Атап айтқанда партияның «Бала-ларға арналған ақысыз IТ-сыныптар», «IТ-мамандар даярлау», «Мектеп асханаларын жаңғырту», «Мектеп-тегі футбол алаңдарын қайта құру» жобасы, «Бірыңғай онлайн кітапхана» жобасы, «Партияның белсенді жастары» жобасы аясында атқарылып жатқан ауқымды істерді баяндап, бүгінгі күнге дейін республикалық желілік кестеге сəйкес «Жолда қабылдау», «Əділет кеңес береді», «Бос орындар жəрмеңкесі» атты акциялар
ұйымдастырылып, «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Сəтті қадам» партиялық жобаларына баса назар аударылып келетінін жеткізді. Осындай партиялық жобаларға қолдау көрсетіп, демеушілік жасап жүрген облыстық мəслихат депутаттары Асқар Сүлейменов пен Данияр Нұрбаевты, аудандық мəслихат
депуттары Дархан Абдухамитов, Жұмахан Еңкебайұлы, Сұлтан Нұрдəулетов, Амангелді Сембаев, Əбдіғани Бəзілхан, Тілекжан Юсупов, Мақсұт Омарбаев сынды азаматтардың есімін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, партия ардагері Нəйля Бейсенбайқызының да қайырымды істерін көпке үлгі етті.

«Партияның бастауыш ұйымдарын жандандыру» жобасына тоқталған Мейрамгүл Сағынжанқызы өздеріне
жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарып жүрген, жақсы істердің ұйытқысы болған «Білім», «Денсау-лық», «Талғар», «Белбұлақ», «Нұра», «Алатау», «Панфилов», «Гүлдала», «Бесқайнар», «Кеңдала», «Беса-ғаш», «Тұздыбастау» бастауыш партия ұйымдарын үлгі тұтып, өз жұмысына немқұрайлы қарайтын
«Қайнар» бастауыш партия ұйымын сын тезіне алды. Жыл сайын БПҰ-дар арасында партия жұмысының нəтижесін көрсету мақсатында өтетін «Ең үздік БПҰ-ы» сайысында үздік атанған «Белбұлақ» БПҰ-ы өткен жылы облыстық байқауда жүлделі ІІ орын иеленгенін, биылғы жылғы сайыстың қорытындысы бойынша «Нұра» БПҰ-ы үздік атанып, ауданымыздың намысын облыс деңгейінде қорғап келгенін мақтанышпен жеткізді. Сөз соңында партияның бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынасы туралы сөз қоз-ғап, партия жұмысының əлеуметтік желілердегі белсенділігі туралы да айтты. Баяндамашыны толық тыңдап
болған соң баяндаманы талқылауға кезек беріліп, мінберге көтерілген партияның фракция жетекшісі Əбді-ғани Бəзілхан мен «Белбұлақ» БПҰ-ның төрағасы Айтжамал Нұрбатырова, «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Максим Лайпановтар өз ойларын ортаға салып, баяндамашының есебіне оң бағаларын берді.

Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы Жарғысының 9-шы тармағының 6-шы бөліміне сəйкес, Талғар аудан-дық партия филиалы Саяси кеңесінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Саяси кеңестің жаңа құра-мы мен облыстық партия филиалының XXIV-ші есеп беру – сайлау Конференциясына делегаттар сайланды.

Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».