Елбасының жаңа Жолдауын насихаттау мақсатында ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаттары Зағипа Балиева, Бақытжан Ертаев, Нұрлан Дулатбеков келді.
Кеңдала ауылындағы №36 орта мектебіне жиналған аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері алдында халық қалаулыларынан құралған ақпараттық-насихаттық топ Елбасының Жолдауындағы басымдықтарды атап, экономиканың драйверіне айналуы тиіс салаларға жеке-жеке тоқталды. Жиынды ашқан аудан басшысы Рыскелді Сатбаев ел Президентінің жаңа Жолдауында баяндалған ірі, шағын жəне орта кəсіпкерлік сала-ларында тындырылатын шаруалар, оның ішінде ауданымызда түрлі бағдарламалар бойынша жүзеге асы-рылатын жəне іске асып жатқан ауқымды əрі маңызды инновациялық жобалар туралы баяндап берді.
– Қазақстан дамуының даңғыл жолын жалғайтын Жолдаудағы басым бағыттар елімізде болар қауіптен сақтандыратын, халықтың əлеуметтік тұрмысын көтеретін басты қозғаушы күш болмақ. Онда айтылған
мəселелер туралы барлық қазақстандық құлағдар болу қажет. Сол үшін де ерте жолданған Жолдауды наси-хаттау мақсатында ақпараттық-насихат топ біздің ауданымызда да құрылып, округтер мен елдімекендер
арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастап кеткен болатын, – деп аудан активінің жауапкершілігін нақтылай түскен өңір басшысы арнайы келген халық қызметшілері алдында Жолдаудан туындайтын міндет-терді жүзеге асыруға байланысты бірқатар мəселелерді алға тартты.
Талғар ауданында 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 5 мектеп салынып (Ақтас, Белбұлақ, Ең-бекші, Еламан, Кіші Байсерке ауылдарында), қолданысқа берілсе де, əлі күнге үш ауысымда оқып жатқан үш мектеп бар. Ал миграциялық, демографиялық процестерге байланысты жəне саяжайларға халықтың көп қо-ныстануын назарға алсақ бұл мəселенің жүгі екі есеге артып, 2019-2020 оқу жылдарында үш ауысымды мек-тептердің саны жетіге дейін жетпекші. Мұнан өзге 60 жылдары салынған Алматы-Талғар трассасының да кеңейтілмегеніне ширек ғасырға жуықтапты. Жолдың тарлығынан көлік кептелісі жиі орын алып, халықтың
наразылығын тудырып жатқандықтан, бұл мəселе оңтайлы шешілу үшін республикалық бюджеттен қомақты
қаржы керек. Аталған мəселелерді ретке келтіру үшін депутаттардан қосымша ақша бөлуге қолдау көрсетуді сұраған аудан басшысының ұсынысын халық қалаулылары түртіп алды. Алғашқы сөзді алған Зағипа Яхян-қызы Елбасының биылғы Жолдауында республика тұрғындарының əл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру бағытында іргелі міндеттер қойылғанын, оған қол жеткізудің барлық мүмкіндіктері қарастырылғанын атап өтіп, слайд арқылы цифр мен деректі үйлестіріп, дəлел келтіре отырып Жолдаудың басым бағыттарын түсін-діріп шықты. Жастар үшін жасалып жатқан жағдайларды да ұмыт қалдырмады. «Педагог мəртебесіне» ар-найы тоқталып, барлық жұмысты мұғалімдердің мойнына артып қоятынды шектеу керек деп сынға ала сөйледі.
«Халық қаһарманы» Бақытжан Ертайұлы болса басты құжаттың маңызын екшеп, мəндісіне тоқталды. Ден-саулық, білім, тыныштық жəне патриоттық тəрбие төңірегінде тұщымды ойларын тəрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы деген түйінмен түйіндеді. «Исі қазақтың қазіргі басты міндеті – ұрпақтарын отбасында
ұлттық рухта тəрбиелеп, құрыштай шынықтыру. Бiздiң бала күнiмiзде ауылға бiр əскери форма киген адам келсе бəрiмiз соның соңынан шұбырып ерiп жүретiн едiк. Мен осы мəселе туралы көп ойланамын. Менiң тұжырымым — əрбiр ер бала əскер мектебiнен өтуi тиiс! Не үшiн? Əскер дегенiмiз ең алдымен тəртiп. Сен бiр дəудiң еркетотайысың ба, ауылдың тесiк өкпе баласысың ба, тəртiп, талап баршаға бiрдей. Бала тəртiпке бағы-нуды, тəртiптi сыйлауды үйренедi. Екiншi, бай баласы Асан да, кедей баласы Үсен де бiр қазаннан тамақ iшедi. Бiр бөлмеде ұйықтайды. Жорықтың қиыншылықтарын бiрге көтередi. Бəрi бiр үйдiң баласындай болып кетедi. Бұл – баланы бауырмашылыққа, бірлікке тəрбиелейдi. Сондықтан əскерге жібермеу, əскерден қашу сияқты жат қылықтардан арылу үшін халықтың санасын оятып, ұлттық рухтарын оятайық», – деп жүрекке жеткізе айтқан генералдың сөзін тыңдаушылар қуана қостады.
Жаңа Жолдаудың үлкен үмітпен қатар елеулі жауапкершілік жүктейтінін айтып, оның нақты іспен жүзеге асуына қоғамның белсенді бөлігі – ат үстіндегі азаматтардың міндетті екендігін айтқан Нұрлан Орынбасар-ұлы жастар мəселесіне айрықша тоқталды. «Келер жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы – өңіріміздегі жастар саясатына тағы да бір үлкен серпін беретініне сеніп отырмыз. Алматы облысы жастарының потен-циалы өте жоғары екенін сезіндім. Елбасының алға қойып отырған мəселелерінің барлығын зерделеп, зерт-теп, бірқатарын іске асыруды бастап та кеткен екен. Бұл Жолдау жастардың жобаларына, бастамаларына тағы да бір серпін беретініне көзім жетіп отыр», – деді ол. Сондай-ақ мəжіліс депутаты Жолдауды жəне Елба-сының басқа да тапсырмаларын іске асыруға биылғы жылдың бюджеті нақтыланғанын айтты.
Жарыссөзге шыққан «Алматы» ауыл шаруашылық өндірістік коорперативінің директоры Айтбай Өсербай-ұлы, ауданның белсенді ақсақалы Н.Сəрсеков, қоғам белсендісі, жергілікті қауымдастық мүшесі К.Хасанова-лар сөз алып, кадр мəселесін, коммуналдық төлемдердің қымбаттығын, фитосанитарияның əлсіздігін жəне саяжайлардың хал-жайын айтып, халық қалаулыларынан назарға алуын сұрады. Тұрғындар тарапынан
қойылған сауалдарға депутаттар тұщымды жауаптарын беріп, өңір жұртының түйткілді мəселелерін түртіп алып, Парламенттегі жиындарда талқылайтынын жеткізді. Жиын соңында АНТ мүшелері барлық мəселені шешуде тұтастықты ту етіп, Жолдаудағы міндеттерді біріге орындауға шақырды. Жиналғандар Елбасының Жолдауының жүзеге асатынына еш шүбə келтірмей тарасты.
Меруерт ДҮЙСЕНҒАЛИЕВА,
«Талғар».