Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету — заман талабы

Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету — заман талабы

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік органдарға жоғары талаптар  қоя отырып, ең алдымен рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту керектігін  қадап айтты.  Елбасының айқындап берген тапсырма, міндеттеріне сәйкес  2013 жылдың  15 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданғаны белгілі.  Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы-мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылатындықтан,мемлекеттік органдардың   басты мақсаты азаматтардың өмір сүруіне тиісті жағдай жасау, мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімді көтеру болып табылады.

Өткен аптада аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету бөлімшесінің жетекшісі Гүлжан Айтқожақова   Алатау, Белбұлақ, Тұздыбастау, Бесқайнар, Бесағаш ауылдық округтерінде болып  тұрғындармен кездесулер ұйымдастырды. Мұндағы мақсат — мемлекеттік қызметтер  стандарттарын нәсихаттап, түсіндіру, аудан бойынша бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыс жайын, сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын орындаумен қатар цифрлық технологияны меңгерудің тиімділігі жайында жан-жақты хабарлама беру  еді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін   Рысқұлов, Қызыл- Қайрат, Бірлік, Тұздыбастау, Бесқайнар, Бесағаш ауылдарының тұрғындарымен өткізілген кездесу барысында Гүлжан  Дауренбекқызы  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы аясында Талғар ауданы әкімдігінің деңгейінде 23 қызмет көрсетуші мемлекеттік орган 105 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетіп жұмыс жасайтындығын жеткізді. Олар: аудан әкімдігінің аппараты(жалпы бөлімшесі, азаматтардың хал актілерін тіркеу), Талғар қаласы мен 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, 10 аудандық бөлімдер (сәулет және қала құрылысы; ветеринария; жолаушы көлігі және автомобиль  жолдары; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы;жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; жер қатынастары; білім;  ауыл шаруашылығы; дене шынықтыру және спорт; экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері) және 1 мемлекеттік қазынашылық мекеме(жұмыспен қамту орталығы). Аудан аумағында  Мемлекеттік корпорацияның 1 бөлімі-ХҚКО  Талғар қаласында жұмыс жасайды.

Аудан әкімі аппаратының  мемлекеттік  қызметтер көрсету бөлімшесінің жетекшісі     Г.Айтқожақованың берген мәліметіне жүгінсек,2018 жылдың  1-ші жарты жылдығында мемлекеттік  қызметтің  50 түрі бойынша 20569 қызмет көрсетілген, оның ішінде 574 қызмет тек қағаз түрінде мемлекеттік органдардың ХҚКО арқылы көрсетілмейтін, қағаз түрінде көрсетілген, бірақ электрондық түрде «электрондық мемлекет» веб-порталынан және ХҚКО арқылы көрсетілуге мүмкін қызметтер саны-673, электронды түрде 19322-і құрап отыр. Сонымен қатар, жыл басынан бері 102 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  арқылы 157480 мемлекеттік қызмет,  сондай-ақ,  65 қызмет түрлері бойынша электрондық немесе қағаз түрінде «Электрондық үкімет» порталы арқылы 67881 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Олардың 44 түрі ақысыз болса, 6 түрі ақылы жүзеге асқан. Баяндамашы өз сөзінде халыққа мемлекеттік қызмет көрсету процессінің сапасын жақсарту және жемқорлық қауіпін азайту мақсатында ауданымыз лицензиялаудың 8 түрі бойынша электрондық  қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндік беретін «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры-лицензиялардың мемлекеттік тізімі ақпараттық жүйесіне қосылғанын  және «Е-әкімдік» бағдарламасы жұмыс істеп тұрғанын жеткізді. «Қазіргі  заман талабына сай осы саланы жетілдіру мәселесіне Елбасы өте үлкен көңіл бөліп отыр. Электронды үкіметті дамыту дегеніміз не: біріншіден, халықтың  компьютерлік  сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру. Екіншіден, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз тудыру; үшіншіден, рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту болып табылады» дей келе, Гүлжан Айтқожақова мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтерудің маңыздылығын  қайталап айтты.  Баяндама аяқталған соң  ол жиналғандар тарапынан түскен бірқатар сауалдарға жауап берді. Жиын соңында   мемлекеттік қызметтер   стандарттарын насихаттауға негізделген ақпараттық жәрмеңкелер  ұйымдастырылып, жиналғандар  өздерін толғандырып жүрген маңызды мағлұматтарға қанығып қайтты.

 Райхан АЗИМОВА

Талғар-ақпарат