АРУЖАННЫҢ АСҚАҚ АРМАНЫ АЛАСАРМАСЫН

АРУЖАННЫҢ АСҚАҚ АРМАНЫ АЛАСАРМАСЫН

Бала тәрбиесінің үлкен білгірі, педагог-ағартушы К.Д.Ушинский жастық шақ туралы: «Жастық армандамаса, адам өмірі бір нүктеде қатып қалар еді, міне содан да жастық қиялының жарқ-жұрқ еткен қабығы ішінде ұлы-ұлы мұраттардың дәні көзден таса құпия өсіп-өніп шыққан ғой», – деп өте құнды сөз айтқан көрінеді.

Жастық шақ – армандарға құлаш ұратын шақ. Баланың жас кезінен өзіне-өзі талап қойып, жастық шақта өмірдің қатпар-қатпар сырларын үйреніп, оны ойға тоқуға ұмтылатын кезең екенін ерте біліп, ұғынғаны қандай ғанибет! Қаладағы №9 қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Аружан Аманжолова алғаш мектеп
партасына отырған 1-сыныбынан бастап ерекше алғырлығымен оқытушыларын қуантып жүрген қыздың бірі. Аружан биыл мектеп бітіреді. Зерек қыз ең алғаш 2008 жылы Алматы қаласындағы Жетісу мөлтек ауда-нындағы №2 орта мектептен бастап, одан кейін Талғардағы №7 мектеп-лицейінде оқыған кезде де ерекше алғырлығымен дараланып, барлық пəндерді тек «5» деген бағаға оқып жүрген оқушы. Ол барлық пəндерге бірдей зейінді. Талғардағы №7 мектеп-лицейінің 8-сыныбын оқып жүрген кезде ағылшын тілінен компью-тер арқылы тапсыратын аудандық байқауда «Жыл мезгілдері» тақырыбын ағылшынша жан-жақты талдап
берген Аружан 1-орын алса, өткен 2017 жылғы оқу жылында география пəнінен қашықтықтан жүргізілетін олимпиада жарысында республика бойынша 3-орын алып, арнайы дипломмен марапатталды. Аружан спортпен де айналысады. Қаладағы «Арлан» спорт клубының жаттықтырушысы Леонид Сергейұлы Цойдың қарамағында жаттығатын қайсар қыз аудандық, облыстық жарыстарда шығыс жекпе-жегі түрінен жүлде алып жүр. Он бір жыл бойы сыныптансыныпқа өткен сайын тек «5» деген бағамен оқитын Аружан Аман-жолованың арманы – мектепті «Алтын белгіге» бітіру. Қарапайым жанұяда туып өсіп, мектепте үздік оқуымен көзге түсіп, қоғамдық жұмыстардың да бел ортасында жүретін дарынды оқушы Аружан
Аманжоловаға тек бақыт тілеп, арманың аласармасын деген тілек айтамыз!

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».