СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ӘДІСКЕРІ

СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ӘДІСКЕРІ

Қазақтың классик жазушысы Ғабит Мүсірепов спорт туралы, дене жаттығуларының адам денсаулығына тигізер пайдасы туралы: «Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жəрдем ететін нəрсе» – деп ой айтыпты. Дене тəрбиесі мен спортты серік еткен адамның өмір бойы қимылы ширақ, жұмысы өнімді, ой еңбегінде де озық болатынын кім білмейді. Өйткені, спорт – денсаулық кепілі.

Талғар қаласындағы аудандық Жасөспірімдер спорт мектебінде əдіскер болып еңбек ететін, дзюдо күресінің
шебері Айгүл Мақсұтқызы осы спорт Ордасы өткізетін облыстық, республикалық турнирлерінің ұйым-дастырушысы. 1998 жылы Талдықорған техникалық колледжін, кейін Жетісу мемлекеттік университетінің
«Дене тəрбиесі жəне спорт бөлімін» төрт жыл оқып, спорт саласының бүге-шүгесін жетік меңгеріп шыққан Айгүл жас кезінен спортқа ден қойған қазақ қыздарының бірі. Университет қабырғасында Жетісу өңірінің
талай балуандарын баулып шығарған Тимур Сағатұлының шəкірті болған Айгүл 2005 жылы Алматыда студенттер арасында өткен Универсиадада дзюдо күресінен 52 келі салмақта татами үстіне шығып, Тал-дықорғанға қола жүлдені алып келген спортшы еді. Қаршадай кезінен Талдықорғандағы Максим Горький
атындағы №4 орта мектепте, облыстық спорт мектебінде дзюдо күресінің жаттықтырушысы, Алматы қа-ласындағы техникалық университеттің колледжінде дене тəрбиесінің мұғалімі болған Айгүл Құрманбаева спорт үшін туылған жан. Жандүниесі сергек, жүрегі имандылық нұрына шомылып, өне бойында қазақ қызына тəн ибалылық сəулесі байқалып тұратын Айгүл қай кезде де үлкенге де, кішіге де сыпайы мінез көрсетуден бір танған емес. Қазір Талғар аудандық спорт мектебінде əдіскер болып жұмыс жасайтын Айгүл осы спорт мектебінде жыл сайын дəстүрлі өтетін «Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы», Талғар спорт жылнамасына өзінің атыжөнін алтын əріптермен жазып кеткен Есет Мəлгаждарұлы Нұғыспанов турнирін,
грек-рим күресінен КСРО біріншіліктерінің жеңімпазы болған Бақыт Абдуллин жəне Георгий Юрченконы
еске алу турнирлерін өткізуге үлкен үлес қосты. Ол Жасөспірімдер спорт мектебінің жоғары санаттағы əдіс-кері. Білікті əдіскер барлық жаттықтырушылардың сабақ беру кестесі мен ашық сабақ тақырыптарын бел-гілеп, оларға ақыл кеңесін беріп, жөн сілтеп отырады. Жанұясында жолдасы Азамат Қоқымбаев екеуі екі қыз, бір ұл өсіріп, оларды өз заманының ұландары етіп тəрбиелеп отырған спортшы Айгүл Құрманбаеваны əріп-тестері құрмет тұтады. Абырой биігінен көрініп жүрген Айгүл Құрманбаева осындай спортшы.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».