«Поэзияның прозадан айырмашылығы ол өте сəтті, маңызды жайды үйлестіріп өлең етіп, бір-екі ауыз сөзбен-ақ оқушының қиялына əсер етеді», – деп орыстың ұлы жазушысы Н.Чернышевский айтқан бір сөз бар.
Шынында да поэзия – өмірдің көңіл күлкісі, оның өмір базарының жарқыл қаққан ұлы дүбіріне көзқарасы іспетті.
Осы аптада Қызыл-Қайрат ауылындағы Мəдениет үйінде Қазақстан Жазушылар жəне Журналистер Одағы-ның мүшесі, бірнеше республикалық жыр мүшəйраларының жүлдегері, «Жүрек лүпілі», «Түлеп ұшты
кеудемнен жыр құстарым», «Мен келгенде Талғарда күз болатын» кітаптары бастаған 12 поэзиялық шы-ғармалардың авторы Мұса Жанəділовтің «Еркелесем, халқыма еркелеймін» атты əн-жыр кеші болып өтті.
Поэзиялық кешті ақын, сазгер, оқу-ағарту саласының үздігі Камнұр Тəлімұлы ашып, ақын М.Жанəділовтің шығармашылығына тоқталып, өзі журналист, өзі ақын, өзі драматург Мұса ағаның сан-салалы еңбектеріне тоқталды. Кезінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтан бата алып, алғашқы топтама өлеңдері Нарынқол ау-дандық «Қызыл шекара» газетінде басылып, кейін республикалық басылымдарда жиі жарық көрген На-рынқолдық ақыннның драматургия саласына да сүбелі үлес қосқанын айтты. М.Жанəділовтың «Арманым саған аманат!», «Ереуіл төбе ерлері» атты сахналық спектакльдерінің Кеген сахнасынан бастап республи-каның талай облыстарында көрермен ықыласына бөленгенін баса айтты. «Əн – көңілдің ажары» демекші, осы кеште ақын Мұса Жанəділовтың əдеби-музыкалық кешінің шырайын ашып, ақынның сөзіне жазылған
«Көлсай», «Сен мені ұмыттың ба?» (əні Мұқанбек Бөрібаевтікі) əндерін тамылжыта шырқаған Кеңес Бай-мұқанов, күміс көмей əнші Натхан Манай айтқан «Ақ тілек» əні мен жергілікті əнші Тілек Шернияз əуелете
төгілткен «Арнау» жыр-өлеңдері көпшілік көңілінен шықты.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп ұлы Абай айтқандай, ҚызылҚайрат ауылындағы №19 орта мектеп-гимназиясының оқушылары ақын Мұса аталарының əр жылдарда жазылған топтама өлеңдері жинағынан көңіл сыр сандығының құлпын ашатын лирикалық тебіреніске толы жыр маржандарын шашу етіп шашты. Жылы əсерге толы осы кеште сөз алған «Асыл ана» əжелер əн-би ансамблінің мүшесі, «Ауыл əйелдері» кеңесінің төрайымы Алтай Қыдырбаева, Талғар ауданының «Құрметті азаматы», Бесағаш ауылдық ақсақалдар
кеңесінің төрағасы Тастан Бекболатов, еңбек ардагері Рəжан Өмішев, Тұздыбастау ауылы Мəдениет үйінің қызметкері, өнер қайраткері Əбу Исабеков, Талғардағы «Қуыршақ» театрының директоры Əділхан Қабыл Мұса Жанəділовке шығармашылық табыс тіледі. Ақын Камнұр Тəлімұлы – ақын Мұса ағасына «Арнау» өлеңін оқып, поэзия кешін қорытындылады.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».