Шығыстың ұлы ой зергерлерінің бірі, шығыс медицинасының атасы Əбу Али Ибн Сина жақсы адамдар туралы: «Нағыз тəлімгер – өзіне даңқ, атақ іздемейді, керісінше, өз шəкірттерінің болашақта ұлы, ойшыл, ғалым, еңбекқор болғанын жан-тəнімен қалап, сол үшін бар өмірін арнауға тұрады», – деп баға берген екен.
Осы бір даналық пікір Талғар аудандық ауруханасының терапия бөлімінде 38 жыл бойы мейірбике, кейін ұзақ жылдар аға мейірбике болып абыройлы еңбек еткен жоғары дəрежелі дəрігер, 2015 жылы кеудесіне «Қазақстан денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісін жарқырата таққан Лəззəт Ережепова сынды жанға
қаратып айтылғандай. Орта бойлы, толық денелі, ауыр мінезді, қашанда сабырлы сөйлеп, жай басатын Лəззəт ауруханадағы талай жас мейірбикелердің тəлімгер-ұстазы болған жан. Қазір терапияның күндізгі
бөлімінде жастарға кеңесші мейірбике болып істейтін ол осы жерде еңбек ететін жас мамандар Ағзия Жайлаубаева мен Гүлшат Көпбосыноваларға өмірлік тəжірибесі мен білген-түйгенін айтып, ақыл-кеңесін беріп отырады. Батыстың ойшыл жазушысы Томас Фуллер бір сөзінде: «Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол!» депті. Ғұмыр бойы өз кəсібіне адал болып, халқына жан-тəнімен еңбек еткен Лəззəт
Ережепова осындай дəрігер.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».