АБЫРОЙ БИІГІНДЕГІ ЖАС ЗАҢГЕР

АБЫРОЙ БИІГІНДЕГІ ЖАС ЗАҢГЕР

Халық сайлаған судья – кіршіксіз абырой, адамгершіліктің алтын айдарындай нұр шашқан əділетті, адалдықтың ақ туын желбірете ұстанған, заңда рəсімделген құқықтық мəнге ие, адамгершілік құндылық
иесі. Халық қашанда «Қара қылды қақ жара білетін», əділдіктің туы жығылмауына күш салатын халық судьясына сенім артады. Оларды шындық пен ақиқаттың темірқазығы деп біледі. Міне Талғар аудандық сотында қоғамдағы жеке адам мен мемлекеттің негізгі құқықтары мен мүдделерінің бұзылмауын басты назарда ұстап, сот кеңсесінің меңгерушісі болып қызмет атқаратын жас заңгер Асқар Қалмақбаев та абырой
биігінен көрініп жүрген жігіт. 1986 жылы Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында дүниеге келіп, 2004 жылы сол ауылдағы Тельман Жанұзақов атындағы орта мектепті бітірген ол жүрек қалауымен
Алматы қаласындағы Д.Қонаев атындағы Заң университетінің колледжін бітіріп шықты. Жас кезінен мінезі салмақты, тығыршықтай денесіндегі бұлшық еттері бұлың қағып, серпінді денесін ширақ ұстайтын Асқар
мектеп қабырғасында волейбол ойынын шебер ойнайтын спортшы еді. Спорт оған өмірде қайратты, табанды, жігерлі жəне алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын қажырлы мінез қалыптастырды. Заң колледжін бітірген Асқар 2007 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласындағы сот кеңсесінде жетекші маман, бас маман болып жұмыс жасады. Осы жерден ол көп тəжірибе жинақтап шықты. «Адамзат –
қанша биік болғанымен заң астында, Алатау – қанша биік болғанымен ай астында», – деп халық дана-лығында айтылғандай, заң барлық адамдарға ортақ қасиетті ар таразысы екенін түсінді. Азаматтардың шынайы теңдігі тек осы жерде ғана анық көрініс табатынын ұғынды. Күні-түні заң тармақтарын ақтарып,
адам тағдыры таразыға түсетін сəтте əділдік жолынан таймауға тырысатын заң судьясының
жұмысы ауыр да жауапты екенін өз көзімен көрді. Осы жылдар ішінде Д.Қонаев атындағы университеттің «құқықтану» бөлімін сырттай бітірген Асқар 2012-2014 жылдары Қарасай ауданында Алматы облысы бойынша №2 кəмілетке жасы толмағандардың істері  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
сотының кеңсе меңгерушісі болып қызмет атқарды. Міне 2014 жылдан бері Талғар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі болып қызмет жасайтын заңгер Асқар Қалмақбаев сыпайы мінезімен күн сайын алдына келетін
жүздеген адамдардың арыз-шағымының дер кезінде қабылдануына күш салады. Білгір жас заңгер заң саласындағы ойға түйгендерін республикалық «Заңгер» журналы мен «Егемен Қазақстан», «Жетісу», «Талғар» газеттеріне жолдап, мемлекеттік тіл мəселесі жөнінде ой-толғамдарын оқырмандармен
бөлісіп отырады. Облыс, аудан көлеміндегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып тұратын Асқар Қалмақбаев облыстық «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаевтың «Алғыс хатымен», облыстық сот төрағасы М. Таймерденовтың «Мақтау қағазымен» сан мəрте марапатталды. «Сот – сөйлеуші, ал, заң – мылқау сот»,- деп ұлы ойшыл Цицерон айтпақшы, өмір жолы енді басталған жас маман Асқар Қалмақбаевтың шығар биігі əлі алда.

Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».