Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының жұмысын жаңғырту туралы берген тапсырмасында жаңа бастамаларды жүзеге асыруды қолға алғандығын бәріміз жақсы білеміз. Партия жұмысын жаңғырту мақсатында білім беруді дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, «Цифрлық Қазақстан», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында 22 жоба жасалды. Соның бірі де бірегейі «Тілдердің үштұғырлығына өту» стратегиялық жобасы.
«Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды ету. Осы жобаны түсіндіруде және іске асыруда түрлі көзқарастарға жол беріп жатамыз. Олай болса, «Үш тұғырлы тіл» — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай пайдалану деген сөз. Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Үш тұғырлы тілді желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс емес»-деуінің өзі де ұлтқа деген жанашырлық деп білемін. Сонымен қатар, Елбасымыз «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның түп негізі: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Олай болса, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Елбасының сындарлы саясатын қолдау мақсатында менде өз білгенімді жас ұрпаққа үйрету үшін өз еркіммен жазғы демалыс кезінде өзімнің тұрғылықты жерімдегі балаларға ағылшын тілін үйретуді жөн көрдім. Өзімнің білгенімді болашақ ұрпаққа үйрету-парызым деп білемін.
Баян Сүгірбек,
Талғар аудандық «Болашақ» ағылшын
тілін оқыту орталығының жетекшісі