АУЫЛ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНДЫ

АУЫЛ ӘКІМДЕРІ САЙЛАНДЫ

Сəрсенбінің сəтінде қаламыздағы №1 орта мектептің акт залында Талғар ауданына қарасты Гүлдала жəне Кеңдала ауылдық округтерінің əкімдерінің сайлауы өтті.

Аудандық сайлау комиссиясы төрағасы мен комиссия мүшелері толық жиналып, сайлау өткізуге дайын болды. Аудандық мəслихат депутаттары дауыс беруге біртіндеп жинала бастады. Межеленген уақыт келіп жеткенде халық қалаулылары өз таңдауларын жасап, екі ауылдық округті басқаруға лайықты деген азаматтарға өз дауыстарын берді. Сайлауға аудандық мəслихаттың 19 депутатының 17-сі қатысты. Екі
депутат белгілі себептермен қатыспады. Комиссия мүшелері сайлауды қорытындылап, жеңімпаздарды
анықтады. Депутаттардан басым дауыс жинаған Өмірзақов Алмас Нұрдəулетұлы – Кеңдала ауылдық округі əкімі лауазымына лайықты деп танылды.

Алмас Өмірзақов – бұған дейін аудандық мəслихаттың аппарат басшысы болып қызмет атқарып келген болатын. Жоғары білімді, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің заң факультетін бітіріп шыққан. Өзінің білімділігі мен біліктілігінің арқасында көптің көңілінен шыққан азамат.

Ал, Гүлдала ауылдық округі əкімінің лауазымына Маханбетқали Мақсат лайық деп танылды. Ол да сайлау барысында депутаттардың басым дауысына ие болды. Мақсат Маханбетқали – Алматы қаласының тумасы. Жоғары білімді. Қазақ мемлекеттік Заң академиясын жəне Қазақ еңбек жəне əлеуметтік қатынастар
академиясын бітірген. Көптеген лауазымды қызметтер атқарған. Бұған дейін «Алматы бас жоспары» ғылыми- зерттеу институтының əкімшілік-құқықтық бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған. Жаңа тағайындалған əкімнің екеуі де ауданымызға қарасты Тұздыбастау ауылының тұрғындары.

Перизат НҰРҚАЕВА,
«Талғар».