Сіздерді күллі мұсылман қауымының  ең  ұлық мерекесі қасиетті Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді күллі мұсылман қауымының  ең  ұлық мерекесі қасиетті Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Белгілі ислам ғұламаларының айтуы бойынша бабамыз Ибраһимнен ғ.с. бастау алған Құрбан айт күні ең ұлы күн болып есептелінеді.Осы дүниедегі ең қайырлы, тіпті арафа күнінен де артық күн деген.

         Ал белгілі күндерді ұлықтау — адамзат баласының тақуалығын да айғақтап тұратын ерекше амал болып табылады.Осы күндері АЛЛАНЫҢ шексіз рахымына бөленіп,оның құзырына жақындау үшін ерекше құлшылығымен танылатын ғибадатымызды орындасақ шексіз сауаптарға кенелеміз.Бұл жайында АЛЛА Тағала Құран Кәрімде:

         «Міне,солай.Кімде-кім АЛЛАНЫҢ нышандарын (яғни, Құран, Қағба, зәмзәм, құрбандық, намаз, ораза, азан сынды Ислам дінінің айқын белгілерін) лайықты түрде құрмет тұтып ұлықтайтын болса,бұл күмәнсіз,жүректердің тақуалығынан (яғни, АЛЛАҒА деген ерекше сый-құрметінен) деп айқын атап өткен  «Хаж»сүресінің 32-аятында.

            Сондықтан да Құрбан айт мерекесі мұсылмандар қауымы үшін ең ұлық мереке. Айт күнгі тілек пен құлшылық амалдарыңызды жаратқан ием қабыл етіп мұраттарыңызды асыл етсін!

                Барша Талғар жұртшылығы мен бүкіл мұсылман қауымдарын осындай ең ұлық мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып баршаларыңыздың отбасыларыңызға ырыс пен береке,елімізге татулық пен ынтымақ тілеймін! АЛЛАҺ тағала шын ниетпен  жасаған құлшылық амалдарыңыз бен шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін!

 Әмин!          

                                                                                                     Игі тілекпен: Мұсабек Тағанұлы,
Талғар аудандық мешітінің бас
имамы.