КӨМЕГІН АЯМАЙТЫН АДВОКАТ

КӨМЕГІН АЯМАЙТЫН АДВОКАТ

Өмір болған соң тұрмыстіршілікке, құқықтық аспектіге қатысты түйткілді дүниелер, келеңсіз жағдайлар жиі
орын алып жататыны рас. Мұндайда түйіні түйдектелген мəселелерді заң аясында шешуге септігін тигізіп,
бағыт-бағдар нұсқайтын білікті маманның көмегі қажет-ақ. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда адвокат, заңгер мамандардың қызметіне жүгіну үшін қомақты қаржы керек, оны екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Ал өз
еркімен алтын уақытын, күш-жігерін жұмсап тегін құқықтық көмек көрсетуге ынталы жандар некен саяқ Талғар қаласында еңбек ететін білікті де білімді адвокат Мергенов Дидар Ерсайынұлы қарапайым жандардан көмегін аямайтын қайырымды азамат. Талғар ауданының заң кеңесінде 2010 жылдан бастап адвокат қызметін атқарып келе жатқан Дидар Мергенов адвокаттар алқасының мүшесі жəне арнаулы заңда көзделген шеңберде кəсіби құқықтық көмек көрсететін заңгер, яғни қорғаушы. Аудандық «Нұр Отан»
партиясының қызметкерлері осында үмітін үкілеп келетіндердің арыз-тілектерін жанжақты саралай келе, заң шеңберінде оңтайлы шешуге тырысады. Қажет жағдайда заңгер мамандардың көмегіне жүгінеді. Қорғаушы
жəне заңгер ретінде «Нұр Отан» партиясы Талғар аудандық филиалымен үнемі тығыз байланыста жұмыс жасап отырған Дидар Ерсайынұлы аудан тұрғындарына заңды көмек көрсете отырып, төмендегі жағдайлардың шешімін табуға атсалыып келеді. Атап айтсақ, əр түрлі мəселелермен келген аудан тұрғындары: Тұздыбастау ауылының тұрғыны А.Б.Ченсизбаева несие мəселесімен келсе, Алатау ауылының
тұрғыны А.Б.Ағыбаев 5 жастағы баланы асырап алған, құжаттарын заңдастыру үшін адвокаттың көмегіне жүгінді. Көптеген аналар алименттерін өндіре алмай жүргендіктерін алға тартып «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрайды. Сондай-ақ, Талғар қаласының тұрғыны Т.С.Пономорева үйіне көгілдір отын тартқызамын деп,
алаяқтардың арбауына түскендігін айтып, құқықтық көмек сұраған еді. Жасыратыны жоқ, жəрдем сұрап, тығырықтан шығудың жолын іздеп келетіндер көп-ақ. Қиындықпен бетпе-бет келген қарапайым жандар
қордаланған мəселені шешуде дəрменсіз болғандықтан, адвокаттың, яғни құқықтық білімі бар маманның көмегіне мұқтаж.

Бұл ретте өз ісінің шебері, жоғары заңгерлік білімді меңгерген кəсіби маман Д.Мергенов тұрғындар тарапынан «Нұр Отан» партиясына келіп түскен өтініштерді мұқият зерделей отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңестер мен жазбаша қорытындылар беріп келеді. Білікті талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды əзірлеп, əрі  сол құжаттар бойынша нəтижелі шешімдерге қол жеткізіп, көптеген мəселелерді шешуге жəрдемдесті. Осылайша, əрдайым тегін құқықтық көмек көрсетуге дайын тұратын білікті адвокат Дидар Ерсайынұлы көпшіліктің ризашылығына бөленуде. «Кең болсаң, кем болмайсың» дегендей, алғыс арқалап жүрген азаматқа еңбегіңіз жана берсін, өнегелі ісіңіз көпке үлгі болсын, дейміз.

Райхан БОЛАТХАН,
«Талғар».