1989 жылы Торғай облысы, Арқалық қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №6 орта мектепті кілең «5» деген бағаға бітірген Айгүл Баяхметова жігері мықты, ақыл-ойы кемел, қандай бір істі қолына алмасын соны бітіргенше жаны байыз таппайтын қайсар қыз еді.
Арқалықтағы əжесінің қолында өскен сезімтал қыз, мектеп бітірген жылы күзде қаладағы 5-ші орта мектепке хатшымашинистка болып орналасып, жастықтың қызықты дəуренін басынан өткеріп, алдына
үлкен мақсат қойып өмір сүрді. Оның мақсаты – заң қызметкері болу еді. Өйткені өмір бойы ішкі істер бөлімінде саяси жетекші болып қызмет атқарған анасы Гүлдария Мақатова да, Қазақ ССР ішкі істер министрлігінде жауапты қызмет атқарған əкесі Ғалым Анафин де оған темірқазық болды. Подполковник шенімен зейнет демалысына шыққан əкесі Ғалым да кейін заң саласындағы қызметін жалғастырып, Талғар аудандық заң консультациясы мекемесінде адвокат болды. Айгүл көп нəрсені сол əкесінен түйіп қалды. Еңбек жолын Арқалық қаласындағы облыстық сот мекемесінде сот мəжілісінің хатшысы болып бастаған жас қыз 1994-97 жылдары Торғай облыстық əділет басқармасында статистика, кадр бөлімін басқарып көп тəжірибе жинақтады.
Сол тұстары Архалық педагогикалық институтының филология бөлімін, 1998-2002 жылдары Алматы қаласындағы «Дəнекер» халықаралық бизнес жəне құқықтану институтын сырттай бітірген алғыр қыз Жетісу жеріне қоныс аударды. 2002 жылы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы аудандық сотта канцелярия бөлімін басқарса, содан кейін Талғар қаласындағы аудандық заң консультациясы кеңсесіне жай қызметкер болып келді. 2005 жылы қазан айында Алматы облыстық адвокаттар коллегиясының шешімімен Айгүл Баяхметова заң саласының қорғаушысы болып бекіді. Міне содан бері де сырғып он үш жыл өтіпті. Ағылшын халқының ұлы жазушысы О.Бальзак: «Заң – үлкен шыбындар бұзып өтіп, ал ұсақтары шырмалып қалатын өрмекшінің торы емес», – деп жазғанындай, бұрын аудандық соттағы азаматтық, əкімшілік істері мəселесіне араласатын Айгүл бұл күндері қылмыстық істерді шешуге де белсене араласып жүр. Өзі қорғауына алған айыпкерді заң тармақтарына сəйкес жазасын жеңілдетуге ЗАҢ ҚОРҒАУШЫСЫ күш салатын ол қашан да шындық пен əділдіктің салтанат құруын қалайды. Ол талай сотталушыны жан-тəнімен қорғады. Өткен жылы Талғар қаласындағы Тоқаш Бокин атындағы көшенің тұрғыны, 83 жастағы зейнеткердің үйінен компьютер мен принтерді ұрлап кеткен В.Ч. деген жігітке тергеушілер қосымша ауыр айыптар тағып, оған сотта 8 жыл сұрады. Осы істі қолына алған Айгүл əлгі жігіттің ұрлықтан басқа ауыр қылмыстарды жасамағандығын сот үстінде дəлелдеп, жазасын 3 жылға түсіртті. Осы жылы Талғардың автобаза деп аталатын аймағында болған кісі өліміне ұласқан ауыр қылмысты жасаған бес адамның біреуі Айгүлдің қорғауындағы кісі еді. Қылмыстың бел ортасында болған 46 жасар əйелдің 1415 жылға кетуі əбден мүмкін еді. Осы істі мұқият зерттеген адвокат барлық айғақтарды келтіре отырып сотта оның жазасын 10 жылға шегертті. «Заң – адамды бағындырады, заңды – ақыл бағындырады» демекші, қашан да ақырын жүріп, анық басатын, əділдіктің ақ туының жығылмауын қалайтын Айгүл Баяхметова заң саласында адал қызмет етіп келеді. Оның мақсат-мұраты халыққа адал қызмет ету.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ,
«Талғар».