МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ОРГАНДАРЫНА – 20 ЖЫЛ
Мемлекет басшысының «5 институцио налдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметшілердің жаңа әдеп кодексі қабылданып, этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қарастырылған.
Осыған сəйкес, Əдеп жөніндегі уəкілдің 2018 жылға арналған жоспарына сай, мемлекеттік қызметшілерінің əдеп кодексінің талаптарын сақтау мəселелері бойынша 3 семинар, 5 көшпелі семинаркеңестер өткізілді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бірлесіп мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің əдептілігін көтеру мақсатында жағдаяттық мысалдар негізінде əзірленген «Мемлекеттік қызметшінің əдебі жəне мінез-құлық нормалары» нұсқаулығымен Талғар ауданының 180 мемлекеттік қызметшілері қамтылған. Мемлекеттік қызметшілердің əлеуметтік желілердегі басылымдарына əдептілік нормаларын сақтауын бақылау бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілерден қызметтік əдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдықпсихологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жарты жылдықта 1 рет анонимді сауалнама жүргізіліп отырылады. Биылғы жылғы жоспар бойынша сауалнама жүргізу маусым айының басында жүргізілді. Сауалнамаға 177 мемлекеттік қызметші қатысып, талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында қандай кедергілерге тап болатыны зерделеніп, тиянақты жұмыс істеуге қандай жағдайлар жасалғандығы анықталды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі» туралы Заңының 56 бабына сəйкес мемлекеттік қызметшілерді əлеуметтік қорғау шаралары қарастырылған. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бірлескен іс-шаралар туралы меморандумға қол қойған.
Бекітілген меморандум аясында Талғар ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері аудандық орталық аурухана базасында өз өтініштері негізінде тіркелген. Медициналық кеңес алып, емдік іс-шаралар қабылдайды, сонымен қатар жыл сайынғы профилактикалық байқаудан өтеді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметшілердің уақытын тиімді пайдалануына жəрдем ету, сонымен қатар олардың отбасы мүшелерінің медициналық көмек алуына жағдай жасау. Осылайша мемлекеттік қызметтің имиджі мен тартымдылығын арттыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті жəне қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың жұмысына тың серпін беру аясында, ағымдағы жылдың 6 сəуір күні Талдықорған қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған Форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың жұмысын белсенді атқарғаны, сондай-ақ рухани, ізгілік тұрғысындағы атқарып жүрген еңбектері үшін ауданымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобы ҚР мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы С.Нұрғисаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған азаматтар мен тəлімгерлердің қатысуымен аға буынның жас қызметкерлердің арасында тəжірибе мен ақпарат алмасу, туындаған мəселелерді талқылау, сұрақ-жауап, пікір алысу шеңберінде тəлімгерлік институтының енгізілуі мен жүзеге асырылуы барысы жөнінде 30.05.2018 жылы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде аудандық қаржы бөлімінің басшысы Г.Жасыбаева «Үздік тəлімгер» деп танылып, ҚР мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы С.Нұрғисаевтың алғысы жарияланды.
Мемлекеттік қызмет органдарына биыл 20 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіліп, жаңа кəсіби мемлекеттік аппарат құрылды. Мемлекеттік қызметшілер саяси реформалар мен жүктелген міндеттерін кəсіби деңгейде орындап, еліміздің тəуелсіз, демократиялы егеменді мемлекетке айналуына өз үлестерін қосуда. Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиялық құжатында елімізде кəсіби мемлекеттік аппарат құру қажеттігін атап өткен болатын. Аталған жұмысты жалғастыру үшін ең біріншіден барлық мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін арттыру қажет.
Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Əрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы ешуақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» əділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез əрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, əлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мəртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Құрметті əріптестер! Сіздерді, кəсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, өзара келісім, отбасына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбегіңізге сəттілік тілеймін! Тəуелсіз қазақ еліне адал қызмет ете беріңіздер!
А.Əшімахұн,
Талғар ауданы əкімі аппаратының
басшысы – Əдеп жөніндегі уəкілі.