Бесағаш ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Бесағаш ауылындағы № 29 орта мектеп жанында ҰОС-да қаза тапқандарға орнатылған ескерткіш жанында «Егер соғыс болмағанда» атты тақырыппен ҰОС-ы Жеңістің 73 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға тыл еңбеккерлері, Ауған соғысы жауынгерлері мен мекеме,мектеп,кәсіпорын басшылары қатысты. Іс-шара мерекелік бағдарламаны жүргізушілердің Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан ардагер ата-апалар, сіздерге мың тағзым. Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлерді ардақтау барлығының міндеті. Сіздер ел басына күн туғанда жауынгерлік ерлік пен елдіктің өнегесін көрсеттіңіздер. Адам төзгісіз қиыншылықтарды жеңіп, халықтың адал ұлдары мен қыздарына айналдыңыздар. Ардагер ата-апалар бүгінгі қазақ елінің ұрпағы, біздер, сіздерді әрдайым мақтан етеміз. Сіздерден үлгі-өнеге алып, есімдеріңізді мәңгі жүректе сақтаймыз!
Тәуелсіз Қазақ елінің балғын балаларының басты парызы – Ұлы Жеңістің маңызы мен мәнін қастерлей білу деп білемін. Сіздердің ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды.
Әрбір жас өрен сіздердің ерліктеріңізді, ел алдында өтеген еңбектеріңізді әрдайым есте сақтайды.Міне, Ұлы Жеңіс күнінің 73 жылдық мерекесі де кезекті көктемнің шуақты күніне келіп отыр. Мерекелеріңіз құтты болсын – Ардагерлер!,- деген жалынды сөздермен өз жалғасын тапты. Мерекелік іс-шарада ардагерлерге округ әкімі атынан арнайы сияпаттар тапсырылса, тыл еңбеккерлеріне азық-түліктер салынған себеттер таратылды. ҰОС-а қаза тапқандарға арналған ескерткішке округ әкімі аппараты, № 28, № 29 орта мектеп,№ 45 мектеп-гимназия, пошта байланыс мекемесі, дәрігерлік емхана, түрік, күрд, ұйғыр этно мәдени орталықтары атынан ескерткіштерге гүл дестелері мен гүл шоқтары қойылды.
Бесағаш ауылдық округі
әкімі аппаратының бас маманы
Әділова Жібек Тәліпқызы