Елбасы Н.Назарбаев: «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» атты стратегиялық құжатында елімізде мемлекеттік аппарат құру қажеттігін атап айтқан болатын. Ол үшін мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін арттыру қажет. Өйткені еліміздің өркендеуі, дамуы мемлекеттік қызметшілердің Отансүйгіштігіне, олардың жауапкершілікті сезінуінде жатыр. Олардың ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Əрбір мемлекеттік қызметшінің халыққа жақын болып, əрбір жұмысты əділдікпен атқарып, ел үшін адал қызмет етуі – олардың ең басты адами қасиеті болуы керек. Міне сол мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына биыл 20 жыл толып отыр. 1998 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы, біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылып, 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң қабылданған болатын.
Осы аптада аудан əкімшілігі аппаратының ұйымдастыруымен қаланың орталық алаңында мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдық мерекесіне орай спорттық шара болып өтті. Қолдарындағы мемлекеттік туды биікке көтеріп, велошеру марафонын өткізген жас қызметші қыздар мен жігіттер Еңбекшіқазақ ауданындағы əріптестерінен эстафетаны қабылдап, оны Іле ауданының жастарына аманат етіп тапсырды. «Ел үшін қызмет ету – абыройлы міндет» демекші, Талғардың жас мамандары айтулы мерекелерін осылайша атап өтті.
Тұрсынбек ЖАЛҒАСБАЕВ
Талғар-ақпарат