ЕСКЕРТКІШТЕР ЕЛДІГІМНІҢ БЕЛГІСІ

ЕСКЕРТКІШТЕР ЕЛДІГІМНІҢ БЕЛГІСІ

Əлемде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бері сəуір айының 18-інде атап өтіледі. Бұл күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мəселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен болатын. Содан бері бұл күн халықаралық деңгейде аталып өтіп, осы салада еңбек етіп жүрген сəулетшілер, ғалымдар мен тарихи ескерткіштерді қалпына келтірушілер, мəдениет саласының қызметкерлері аталмыш мереке арқылы ескерткіштерді сақтауға қоғам назарын аудартып келеді.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруы мен қаламыз дағы Т.Рысқұлов ескерткішінің алдында «Ескерт кі шімелдігімнің белгісі» атты экологиялық акциясы өтті. Аталмыш акцияға Талғар медицина колледжінің жастары қатысып, белсенділік танытты. Мəдени-тағылымдық іс-шараны өткізудегі мақсат – тарихи өлкеміздің рухани жəне құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, жастардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, ескерткіштер мен тарихи жəдігерлерді сақтауға үйрету болатын. Жиылған жастар алдында сөз алған аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Замира Қалымбетова еліміздің біртуар перзенті Тұрар Рысқұловтың өмір жолы туралы сөз қозғады. Жалынды жас Димаш Есім Т.Рысқұловқа арналған арнау өлеңін оқып берді. Талғар медицина кол леджі директорының орын басары Жандос Самбетов пен колледждің экология жəне география пəнінің оқытушысы Марлен Қасабеков акцияның мақсаты мен маңызын студент жастарға түсіндіріп өтті. Аталмыш колледж қабырғасында да «Таза қалатаза ауа» экологиялық акциясы өтіп жатқандықтан, тазалықты саулық негізі дейтін жалынды жастар тазалық жұмыстарын ескерткіш маңайында да жүргізді. Қолдарына тырмаларын алып қураған шөптерді тырмалап, шашылған қоқыстарды жинады. «Тазалық тазалаған жерде емес, тазалықты сақтаған жерде» дейді орыс мақалында. Осындай арыс азаматтардың ескерткіші орын тепкен саябақтың таза болуы үшін баршамыз атсалысқанымыз жөн. Ал, ескерткіш мұралары көне тарихтың куəсі. Еліміздің өткені мен бүгінін айшықтайтын белгісі. Олай болса, оларды насихаттау əрбір азаматтың парызы, сонымен қатар қамқорлығы болмақ.

Перизат НҰРҚАЕВА

Талғар-ақпарат