Бүгін Кемерово қаласындағы қайғылы оқиғадан көз жұмған марқұмдарды еске алу үшін Алматы облысы Талғар қаласының 150-ге жуық ерікті тұрғыны «Жеңіс» саябағына жиналды, — деп хабарлайды ТалғарАқпаратының тілшісі.
Қолдарына ақ шарлар ұстаған тұрғындар алапат өртте қыршынынан қиылған балалардың пәк көңілдерін бейнелегендей болды. Сағат тілі 18:00 болғанда бір минут үнсіздік жариялап, қолдарындағы шарларын аспанға ұшырды. Қайғылы жағдайда қайтыс болған балалар мен ересектерді еске алған тұрғындар мұндай оқиғаның басқа елдерде қайталанбауын тілеп тарасты.
Талғар-ақпарат