Талғар ауданы әкімінің аппараты, Алматы облысындағы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған аймақтық іс-шаралар жоспарын жүзеге асырып, ауқымды жұмыстар атқарып келеді.
Атап айтқанда, ауданның барлық мемлекеттік мекемелерінде және ауылдық округтерінде, жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктері орнатылып, «Сенім телефоны» үздіксіз жұмыс істеуде. Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында ауданда БАҚ арқылы аудан тұрғындарына сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнаманы түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда. Аудан әкімдігі жанында Талғар ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы қызмет атқарады. Оның құрамына аудандық мәслихаттың хатшысы, ҚР ҰҚКД Талғар ауданы бөлімінің бастығы, аудандық орталық аурухананың директоры, аудандық әділет басқармасының басшысы, ішкі істер, мемлекеттік кірістер басқармалары, қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті атқарушы органдары мен «Нұр Отан» ХДП Талғар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары кіреді. Аталмыш ведомствоаралық комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мәселелер бойынша жоспарға сәйкес тоқсан сайын отырыстар өткізіп, заңнамалардың сақталуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның орындалуы тұрғысындағы мәселелер қаралып келеді.
Өткен жылы ауданның жергілікті атқарушы органдарымен, қоғамдық ұйымдармен және «Нұр Отан» ХДП-мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бірнеше іс-шаралар жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихаты іске асырылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпаратты насихаттау мақсатында құрамында 11 адам бар мобильді топ құрылған. Елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мобильді топтың жұмыс кестесі бекітіліп, ауылдық округтердің елді мекендерінде 20-дан аса «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті», «Парасыз мемлекет», «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Парасыз болашаққа, Бірге!» және басқа да тақырыптарда кездесулер өткізілді. Алдағы уақытта кездесулерде арнайы бекітілген бейнероликтер көрсетілетін болады.
Мобильді топтың жұмысын жандандыру мақсатында «Есіктен есікке» акциясы аясында қоғамдық орындарда жадынамалар мен плакаттар таратылды. Плакат, флаерларды жаңарту жұмыстары әлі де тұрақты жалғасын табуда.
Асқат ДОСЖАНОВ
Аудан әкімдігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің жетекшісі