Құрметті жерлестер! Рас, біраз жерді су алып жатыр. Биыл қар былтырғыда аз жауды деп қуанған едік. Алайда күні кеше екі аптадай ұстап тұрған аязды ұмытып кетіппіз. Аязда тоң қатып қалған, күн күрт жылығандықтан еріген қар жерге сіңіп үлгермей бетімен ағып жатыр. Әкімшілік қолдан келген барлық шараларды ұйымдастыруда. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдарымен жағдай қатаң бақылауға алынып, барлық тиісті шаралар жүзеге асуда: арық жүйелері тазартылып, су арнасын бұру үшін құм төселіп, су басқан аулалардан су шығарылуда.
Аудан аумағындағы кез келген су басу жағдайы туралы осы штабқа 101, 112, 8 (727) 2956672; 8 (72774) 2-50-87 телефондары арқылы хабарласуға болады. Жалғыз Талғар емес, еліміз бойынша осы жағдай. Тағы да өтінерім табиғаттың тосын сыйына түсіністікпен қарасаңыздар.