
Жеке және қоғамдық мүлікті сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі. Өзгенің еңбегін құрметтеу, бөтен мүлікке қол сұқпау және қоғамдық орындардың тазалығы мен бүтіндігін сақтау мәдениетті қоғамның белгісі.
Үйден шығарда есік-терезелерді тексеру, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау және мүлікке қатысты күмәнді жағдайлардан сақ болу ұрлық пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.
Қоғамдық мүлік – баршамызға ортақ игілік. Оны қорғау арқылы біз өз ортамыздың қауіпсіздігі мен жайлылығына үлес қосамыз.
Мүлікке ұқыптылықпен қарау – ортақ жауапкершілік!


