ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖАҢҒЫРУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында елдің тұрақты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды міндеттер айқындалды.

Соның бірі – инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлердің әлеуетін дамыту. Заманауи жолдар салу, инженерлік желілерді жаңарту, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру – экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін маңызды қадамдар.

Сапалы инфрақұрылым тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, кәсіпкерліктің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және елді мекендердің өркендеуіне мүмкіндік береді.

Өңірлердің дамуы – мемлекеттің жалпы даму көрсеткіші. Сондықтан инфрақұрылымдық жобаларды жүйелі жүзеге асыру ел болашағы үшін стратегиялық маңызға ие.

Инфрақұрылымы дамыған өңір – мүмкіндігі мол, болашағы жарқын өңір!