Ата Заң – мемлекеттіліктің берік негізі

Ата Заң – мемлекеттіліктің берік негізі

Конституция – тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесінің негізін қалайтын, мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызды қағидаттарды айқындайтын басты құжат.

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енді. Бұл еліміздің конституциялық дамуындағы жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.

Жаңа Ата Заңда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, ұлттық бірлікті нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше мән берілген.

Сонымен қатар білім, ғылым, инновация, цифрлық қауіпсіздік, экологиялық мәдениет пен тарихи-мәдени мұраны сақтау бағыттары да конституциялық деңгейде көрініс тапты.

Конституция – тек мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін құжат қана емес, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын ортақ құқықтық негіз. Сондықтан оның мазмұнын білу, заң талаптарын құрметтеу және азаматтық жауапкершілікті сезіну – баршаға ортақ міндет.

Ата Заңды құрметтеу – елдікті құрметтеу. Ал құқықтық сауатты, жауапты азаматтар – тұрақты әрі дамыған қоғамның негізі.

Конституция – тәуелсіздігіміздің тірегі, бірлігіміздің негізі және болашаққа бағдарымыз!