ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖҮЛДЕГЕРЛЕР!


2026 жылғы 13–15 қазан күндері Тараз қаласында КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуандық Бакеновты еске алуға арналған грек-рим күресінен 2012–2014 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Аталған жарыста «Талғар ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ оқушылары жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
🥉 Мейрембек Мансұр — 38 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын
🥉 Маратұлы Ерасыл — 62 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын
👏 Спортшыларды және олардың жаттықтырушысы Назаров Бағланды жетістіктерімен құттықтаймыз!