Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мұғалім мамандығының беделін арттыру өзекті мәселе екенін айтып, оны шешу жолдарын ұсынды, — деп хабарлайды ТалғарАқпарат Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында министрлікке міндеттелген тапсырмалар орындалып жатыр.
«Соның ішінде мұғалімдерге қатысты жалақының өсу мәселесі тікелей тапсырма болып беріліп, осы тапырма іске асырылып жатыр. Жаңартылған мазмұнға көшкен мұғалімдер жалақысы 30 пайызға, жалпы өзінің біліктілігіне байланысты жалақысы 30-дан 50 пайызға дейін көтерілейін деп жатыр. Үкімет тарапынан тиісті нормативті құжаттарға қол қойылып, шешім қабылданып іске асырылып жатыр», – деді вице-министр.
Талғар-ақпарат