
Бесқайнар ауылдық округі мен Қотырбұлақ ауылының тұрғындарымен Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум тақырыбында кездесу өтті.
Жиынды Талғар ауданының әкімі Т.Е. Айдарбеков пен Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М.Б. Әділбеков жүргізді.
Кездесу ашық форматта өтті. Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, референдумға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Аудан әкімі кездесуді қорытындылай келе, барлық тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға шақырып, бұл ел болашағы үшін маңызды саяси науқан екенін атап өтті.
Шара Бесқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында ұйымдастырылды.
С жителями сел Бескайнар и Котырбулак состоялась встреча, посвященная вопросам проведения референдума по внесению изменений в Конституцию Республики Казахстан.
Встречу провели аким Талгарского района Т. Е. Айдарбеков и председатель маслихата Талгарского района М. Б. Адильбеков.
Мероприятие прошло в открытом формате. Жители сел проявили активность и задали интересующие их вопросы, касающиеся предстоящего референдума.
В завершение встречи аким района призвал всех жителей принять активное участие в референдуме, отметив, что это важное политическое событие для будущего страны.
Встреча была организована в актовом зале аппарата акима Бескайнарского сельского округа.


