ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Талғар қаласы мен аудан жұртшылығы тіршіліктің қайнар көзі — өзен суын  ауызсу ретінде  пайдаланып отырғаны белгілі. Өзен суы болғандықтан қатты аяз бен қалың жауған қар — тау басынан ағып жатқан ауызсуды лезде қатырады. Талғар ауданында мұндай аяз осыдан 50 жыл бұрын болған. Бір жарым метр болып жауған қар мен аяз сол жылдары да халықты әбден әбігерге салған екен.

Бүгінде аудан халқы мен қала тұрғындарын ауызсумен қамту мақсатында біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың бірі Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен көмек беру жұмыстары. Талғар қаласы, Шевцова көшесіндегі су беруді қалпына келтіру мақсатында Талғар қаласының әкімшілігі, «Су құбыры» ШЖҚ МКК қызметкерлері және ерікті жастар — қиындықтарды жою жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

«Ерікті жастар Талғар қаласындағы № 4 орта мектептің 9-10 сынып оқушылары. Олар да қаламыздағы басты проблемамен күресу үшін өздерінің үлестерін қосты. Біз мектепке барып, өз еріктерімен әкімшілік пен «Су құбыры» мекемесіне көмектесе аласыңдар ма деп сұрап едік, бірден келісті. Ұсынысымызды өте жақсы қабылдады. Атқарылып жатқан жұмыстар сол мектептің төңірегінде болғандықтан, осы мектептің оқушыларына қолқа салдық. Жалпы біздің Жастар болашақта мұндай өзекті проблемалар болып жатса соған өз үлестерін қосуға, көмектесуге әрқашан дайын!» — дейді Талғар аудандық Жастар орталығының кеңесшісі Олжас Батырканов.

Талғар-ақпарат