Талғар ауданы жастар ресурстық орталығы маңызы зор мерекелерді атаусыз қалдырған емес. Талғар аудандық кітапханасымен бірлесе өткен іс-шара да ел үшін орны зор мереке Республика күніне арналды. Дөңгелек үстелге кітапхана меңгерушісі Нұрқаева Перизат Ауғанбайқызы қатысты.
“Рухы биік, арманы асқақ — мәңгілік ел” тақырыбында өткен дөңгелек үстелде жастарға мерекенің маңыздылығы, мәні, тарихы жайлы толғамды ойлар айтылды. Кітапхана библиографы Карыбозова Сәуле ханым өз кезегінде жастарды кітап көрмесімен таныстырып, Қазақтанның тәуелсіздігі мен тарихы жөнінде біраз ақпарат берді. Талғар ауданы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мөлдір Абатайқызы жастарға Тәуелсіздіктің — біздің баға жетпес байлығымыз, оны қорғау және дамыту — біздің ортақ міндетіміз екені жөнінде айтып өтті.
#Республикакүні
#RepublicDay
#алматыоблысы