Кітап – қоғамның ұстазы

Кітап – қоғамның ұстазы

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы тапсырма берген еді Осы тапсырма негізінде Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне жаңа мереке қосылды. Үкімет қаулысымен 23-сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Мұндағы мақсат – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастырып, озық ойлы мемлекетке айналдыру. Оның ең төте жолы кітап оқу десек, кітап оқуға ынтаны арттыру үшін қабылданып жатқан бұл шараның ықпалы зор болмақ. Құжат 22-мамырға дейін қоғамдық талқылаудан өтіп, оң пікір жинаған. Президент өз сөзінде: «Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деп атап өтті. Қоғамда кітап оқу мәдениет қалыптастыру бойынша министрлік тарапынан жүйелі жұмыстар қолға алынып және ол дәстүрлі түрде жалғаса беретін болады.