Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан полициясының тарихы 1992 жылғы 23 маусымнан басталады. Полицияның қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтар қауіпсіздігі мен құқығын қорғаудағы еңбегі ерекше.
Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы – бәрінен қымбат. Сондықтан мемлекеттік биліктің қоғамдағы құқықтық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдардың бірі – Ішкі істер органдарының алар орны ерекше. Тәртіп сақшыларының кәсіби қызметі – зор жауапкершілігімен, тәуекелшілдігімен, қиындыққа төтеп беретін төзімділігімен ерекше құнды. Полиция қызметкерлері антына адалдық танытып, ел тыныштығын қорғауда мүлтіксіз қызмет етеді деп сенемін.
Ауданның ішкі істер саласының қызметкерлері өздеріне жүктелген жауапкершілік пен міндеттерді абыроймен атқарып келеді.
Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін. Өз қызметтік міндетіне асқан жауапкершілікпен қарап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алып, мемлекет тыныштығының сақталуына тынбай үлес қосып жүрген ел қорғандарының қатары көбейе берсін!
Тәртіп пен заңдылықты сақтау жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Т.Айдарбеков
Талғар ауданының әкімі